Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет78/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Агроклиматтық ресурстар
Ауылшаруашылық үшін
агроклиматтық ресурстар маңызды рөл 
атқарады. Бұл – климаттың ауылшаруашылық өндірісінің мүмкіндік-
терін қамтамасыз ететін қасиеті. Агроклиматтық ресурстардың басты 
параметрлері мыналар: жиынтық t˚ – вегетациялық кезеңнің ұзақ-
тығы, жауын-шашын (жалпы алғанда, сонымен бірге әр айда түсетін), 
жел, құрғақшылық пен үсік шалудың орын алу ықтималдығы, т.б. 
Г
ЕОДЕРЕК
.
Өзінің тар әрі ұзын пішінінің арқасында Жетісу Алатауын-
дағы Жоңғар қақпасы тау өткелі табиғи аэродинамикалық құбыр түзе-
ді. Өткелде ауа сығылады және Бернулли заңына сәйкес шапшаң жыл-
жиды, соның салдарынан күшті жел соғады (60–80 м/с-қа дейін). 
Параграф материалын және агроклиматтық картаны пайдаланып
47-сурет бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
1.
Бидай, жүгері, күріш, жүзім және бақша дақылдарын өсіретін негіз-
гі аймақтар қайда орналасқан?
2.
Оған қандай күн райы жағдайлары қолайлы? (Кем дегенде 2–3 мы-
сал келтіріңдер).
3.
Ауылшаруашылық дақылдарының түсімін қандай қолайсыз күн 
райы құбылыстары төмендетуі мүмкін?
99
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қазақстанның оңтүстігінде немесе солтүстігінде үй салмақ болдыңдар.
1. Құрылыс кезінде сендер қандай климаттық көрсеткіштерді есепке 
алуларың қажет?
2. Құрылыс жүргізген кезде жылдың қай мезгілін айрықша есепке алу 
керек? 
3. Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады?
4. Бұл көрсеткіштер ғимараттың құнына және пайдалануға беру 
мерзіміне әсер ете ала ма?
Қазақстан жел ресурстарына да бай. Жиі жел соғатын өңірлер-
де жел энергиясы механикалық және электрлік энергия өндіру үшін 
қолданылады. ЖЭС құрылысы үшін желдің жылдамдығы кем дегенде
5 м/с болуы талап етіледі, ал қолайлысы – 50 м/с жылдамдықпен 
соққан жел. Қазақстанда мұндай жерлер көп.
1. ЖЭС салуға болатын Қазақстанның өңірлерін ата.
2. Электр энергиясы құрылысын салу және тасымалдау кезінде қан-
дай мәселелер туындауы мүмкін? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет