Қатқақ
вегетациялық кезеңде топырақтың бетіндегі
ауа температурасының 0°С-тан төмендеуі
Қатты ыстық
бірнеше күн бойы қоршаған ортадағы ауа
температурасының орташа жоғары темпе-
ратурасының 10-нан және одан да жоғары
көтерілуі
Қатты аяз
ауаның максималды температурасы –30°С
және одан төмен
Табиғи құбылыстардың табиғи апаттарға ауысу белгілері (құйын-
ды, бұршақты және бораған дауылды қоспағанда):
1) облыстың (ауданның, республиканың) 1/3 және одан да көп ау-
мағында болуы;
2) бірнеше әкімшілік ауданда орын алуы;
3) 6 сағаттан астам уақытқа созылуы.
1.
БАҚ материалдарын және басқа да дереккөздерін пайдаланып,
қолайсыз және қауіпті метеорологиялық құбылыстардың көбінесе
белгілі бір аумақтарда орын алатындығын дәлелдеңдер.
6-кесте
102
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
2.
Табиғи апаттардың кем дегенде үш түрінің алғы белгісін атаңдар.
3.
Бір метеорологиялық табиғи апатқа қарсы бірнеше қорғаныс
іс-шараларын атаңдар.
4.
Неліктен күннің қатты ысуының көрсеткіштерінде басқа құбылыс-
тарға қарағанда сандық мәндердің диапазоны үлкен болады?
Қазақстан аумағындағы қолайсыз және қауіпті
метеорологиялық құбылыстар
Жылдың жылы маусымында ауылшаруашылық үшін қауіпті құ-
былыстарға қатқақ, құрғақшылық, аңызақ, қатты нөсер жауын мен
бұршақ, шаңды дауыл жатады. Бұл қолайсыз агрометеорологиялық
құбылыстар ауылшаруашылық дақылдарының егісін айтарлықтай
немесе толықтай жойып жіберуі мүмкін. Құрғақшылық – Қазақстан-
ның егіншілікпен айналысатын аудандарында кеңінен таралған және
қауіпті құбылыс.
Құрғақшылық
– бұл өңір үшін жо-
ғары болып есептелетін ауа темпе-
ратурасы мен жауын-шашынның
мөлшері аз болатын тұрақты күн ра-
йының ұзақ уақыт сақталуы. Нәтиже-
сінде топырақтың ылғалдылық қоры
таусылып, егін түсімінің төмендеуіне
немесе мүлде солып қалуына әкеледі.
Көбінесе құрғақшылық далалық
зонада байқалады, ал орманды зо-
наларда сирек кездеседі. Құрғақшылықтан Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының диқанда-
ры зардап шегеді.
Аңызақ
– бұл далалы, шөлді және шөлейтті жерлерде соғатын
жоғары температуралы жел және салыстырмалы ауа ылғалдылығы-
ның төмен болуы.
Көлеңкедегі ауа температурасы +40˚С-қа дейін жетеді, ауа ылғал-
дылығы 30%-дан төмен болады. Аңызақ желдің жылдамдығы 5–20 м/с,
кейде қуаты күшті боранға ұласуы мүмкін. Аңызақ жел антициклонның
шеткері аймағынан тропиктік ауа массасы басып енген кезде тара-
лады.
Құрғақшылықпен және аңызақпен күресу үшін қар тоқтату, ағаш
отырғызу, суландыру секілді агротехникалық шаралар жүргізіледі.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақшылықпен
және аңызақпен күрес жүргізу өте қиын, өйткені түсетін жауын-шашын
48-сурет.
Құрғақшылық
103
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
мөлшері булануға қарағанда әлдеқайда аз. Мұнда бір ғана агротехни-
калық іс-шара – тек суландыруды ғана жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |