2. §1 материалдарына сүйеніп, төмендегі сұрақтарға дәлелді жауап
беріңдер:
1) Бұл мақаланың өзектілігі неде? Зерттеулер қандай сипатта: іргелі
немесе қолданбалы?
2) Қазақстан өзендерін бұру арқылы мыңжылдықтың қандай жаһан-
дық мақсаттарына қол жеткізіледі?
3. § 28-30 материалдарына сүйеніп, болжам жасаңдар:
1) Су тапшылығына орай су тұтынушылар мен суды пайдаланушылар
құрылымында қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?
2) Қандай жаһандық және аймақтық өзгерістер суы шамадан тыс көп
аудандардан су тапшы аудандарға өзен суын бұру жөнінде жоба әзір-
леуге әсер етті?
3) Ертіс суын Қазақстанның орталық аудандарына бұруға байланыс-
ты қандай экологиялық және экономикалық қиындықтар туындауы
мүмкін? Ертіс-Қарағанды каналын салу кезінде жол берілген қателік-
терді қайталамау нені есепке алуды қажет етеді?
4) Канал жобасының карта-сызбасын әзірлеңдер.
5) Дүниежүзілік тәжірибе талдауына негізделген ғалымдардың есеп-
тері бар. 1 км
3
тұщы су алу үшін жұмсалатын түбегейлі шығындар:
– тұзды суларды тұщыландыру кезінде 600–1800 миллион долларды
құрайды;
– ағын суларды тазарту кезінде – 100–1500 миллион доллар;
– суландыру жүйелерін қайта құрастыру – 700–900 миллион доллар;
– өзен ағысын бұру – 100–800 миллион доллар.
Есептеңдер, су дағдарысын шешудің қай нұсқасы тиімдірек?
4 . § 31 оқыған кезде алған білімдеріңді пайдаланып, сұрақтарға жа-
уап беріңдер:
1) Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету қай кезден бері ұлттық қауіп-
сіздік мәселесіне айналды?
2) Қазақстан өзендерінің көпшілігі трансшегаралық өзендер болып
табылатындығы және еліміздегі судың жартысына жуығы бізге көр-
шілес мемлекеттердің аумағынан ағып келетіндігі белгілі. Біздің су
қауіпсіздігіміз басқалардың қолында болып тұр. Не істеуге болады?
157 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы