А ймақ – осы ауданды басқа аудандардан ерекшелеп тұратын ортақ
белгілері бар жекелеген экономикалық-географиялық ауданды білдіретін
жақын жатқан елдер тобы.
Аймақшылдық – шалғай жатқан кеңістіктердің дербестігіне бағдар-
лану. Бірнеше түрлері бар: экономикалық, мәдени, саяси және стратегия-
лық.
Аймақтық деңгей – аймақ билігінің (биліктің шаруашылық іс-әре-
кеттерге араласудан бас тартуын шамалайтын «либералдық» және мем-
лекеттік бақылаудың осы және басқа түрде сақталуын болжайтын «кон-
сервативтік») сипатының моделін таңдау.
Аймақтық қағидасы – басқарудың аумақтық жіктелуін қамтамасыз
ететін географиялық және аймақтық әлеуметтік-экономикалық ортаның
түрткіжайттарын есепке алу.
Аймақшылдық принципі – географиялық зерттеу мен сипаттаудың
бастапқы нысаны нақты аумақ (аймақ) болатындығын білдіреді, оған та-
биғи феномендердің белгіленген кешені, тұрғындар мен олар құрған ша-
руашылық тән.
Ақпараттық индустрия – ақпарат саласын және адамдар арасын-
дағы коммуникацияны қамтамасыз ететін сала.
Ақпарат көзінің нақтылығы – дереккөздің ақпарат туындаған жер-
ге жақындық және қол жеткізу деңгейі.
Ақпараттың шынайылығы – алынған мағлұматтардың шындыққа
жанасу көрсеткіші.
Антропогендік жүктеме – барлық шаруашылық түрлерінің тұтас та-
биғатқа немесе оның жекелеген құрамдас бөліктеріне (бедер, топырақ,
өсімдік және жануарлар әлемі) ықпалы.
Антропогендік пайымдау – басқа ой-пікірдің дұрыстығын дәлелдей-
тін тұжырым.
Астана – мемлекеттің басты қаласы, елдің әкімшілік-саяси орталығы.
Аудан құру – ішкі өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің қар-
қындылығы жоғары ландшафт элементтерінің (табиғи аудан құру) неме-
се қоғамдық ұдайы өндіріс элементтерінің (экономикалық аудан құру)
тұрақты кеңістіктік үйлесімінің пайда болу процесі. Аудан құру – геогра-
фиялық қабықтың әртектілігін, оның түрлі элементтерінің әркелкі хроно-
логиялық қарқындылығын көрсету.