Алматыкiтап баспасы


Қай халықтар мен мемлекеттердің қызығушылығы Қазақстан ау- мағының географиялық тұрғыдан зерттелуіне жағдай жасады? 2



Pdf көрінісі
бет15/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146
1.
Қай халықтар мен мемлекеттердің қызығушылығы Қазақстан ау-
мағының географиялық тұрғыдан зерттелуіне жағдай жасады?
2.
Неліктен ежелгі және орта ғасырларда, жаңа кезеңдерде Қазақстан-
ның оңтүстік, шығыс және батыс аймақтары оның орталық және сол-
түстік бөліктеріне қарағанда көбірек зерделенді?
3.
Қай кезеңдердің зерттеулері елтанымдық және сипаттамалық бо-
лып келеді?
4.
Ал қай кезеңнің зерттеулері аналитикалық?
23
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қазақстандық зерттеушілер. 
Жиырмасыншы ғасырдың екінші 
жартысы елімізде кәсіби қазақстандық-географ саңлақтардың пайда 
болуымен әйгілі болды. Олардың арасынан Қ.И. Сәтбаев, Н.К. Мұқита-
нов, Б.Я. Двоскин сынды ғалымдарды ерекше атауға болады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 
(1899-1963 ж.) – 
тау-кен геологиясы саласындағы көрнекті қазақ ға-
лымы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш 
президенті. Оның негізгі еңбектері тау-кен гео-
логиясы бойынша жүргізілген зерттеулерге және
Қазақстанның минералдық ресурстар кен орында-
рын барлауға арналған. Оның Жезқазған мыс кен 
орны, Сарыарқа металлогендік зонасы мен рес-
публиканың пайдалы қазбаларының болжамдық 
картасы туралы еңбектері айрықша орын алады. 
Ол – металлогендік формация ғылыми тәсілінің авторы. Қ.И. Сәтбаев 
әлемдегі ірі кен орындарының бірі Жезқазған мыс кен орнын ашқан. 
Оның зерттеген аймақтарына Сарыарқа, Таулы Алтай кіреді. 1927-1928 
жылдары Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск, Қарағанды таскөмір 
алабы мен Қаратау полиметалл кен орнының мүмкіндіктерін зерттеген. 
1929 жылы Атасу темір-марганец кен орнына жүргізілген зерттеу-
лердің негізінде Қ.И. Сәтбаев Қарағанды облысында қара металлургия-
ны дамыту туралы мәселе көтерді. 
Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстан табиғатын зерттеу бойынша жүргізген 
«Үлкен Алтай» (3 томдық), «Үлкен Жезқазған», «Үлкен Ембі» (2 томдық), 
«Солтүстік Арал маңы», «Қарағанды – Одақтың үшінші көмір базасы» 
деген негізгі ғылыми еңбектері жарық көрді. Шығыс Қазақстанның 
геологиясы жөніндегі материалдар «КСРО геологиясы» жинағының 
20-томында жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет