Алматыкiтап баспасы


Ұғымдар мен түсініктер анықтамасы



Pdf көрінісі
бет21/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   146
Ұғымдар мен түсініктер анықтамасы. 
Іс жүзінде әр оқулықта 
түсіндірме сөздік не ұғым мен терминдер сөздігі беріледі. Ондағы әр-
бір ұғым мен терминнің өз анықтамасы бар. Олардың маңызды бел-
гілерін есепке ала отырып, түрлік (негізгі) сөздері арқылы анықтайды. 
Ұғым/термин
Түрлік
(басты) сөз
Маңызды 
белгілері
Мысалы, қала = ірі елді мекен + ауылшаруашылығымен айналыса-
тын тұрғындар.
29
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Өзен = бұл су ағыны + өзінің табиғи арнасымен ағып жататын 
ағынды су.
Кейде маңызды белгілердің бірі сөздің алдында болуы мүмкін.
Кейбір географиялық түсініктер мен терминдер тек бір мағынаға 
ие, мысалы, 
көл
сөзі. Кейбірі басқа бір ғылымдарда мүлде басқа мағы-
наға ие, географияны зерделеген кезде осыны есепке алу қажет. Мы-
салы, 
кластер
сөзі географияда бір аумақта орналасқан, өзара бай-
ланысқан және соңғы өндіретін өнімдері бір болатын кәсіпорындар 
тобын білдіреді. Ал информатикада 
кластер
– 
үлкен көлемде есептеу-
лер жүргізуге арналған, бірыңғай жүйеге (кластер) жинақталған екі
немесе одан да көп компьютер. Мұғалімдер сабақта кластер құруға
яғни түсінік, т.б. байланысы мен өзара тәуелділігін көрсететін сызба 
сызуға тапсырма береді.
1. 
Өз қалауларың бойынша географиялық ұғымдардың бірін таңдап 
алып, сызбада оны айқындайтын терминдерді көрсетіңдер.
Ұғым
Термин 
Термин 
Термин 
2. 
Сызбада берілген ұғымдар мен терминдердің анықтамасын кел-
тіріңдер. Әр анықтаманың құрылымында нысан, процесс немесе 
құбылысты бейнелейтін басты сөз бен олардың маңызды белгілерін 
көрсетіңдер. 
3. 
Бұл ұғымдар мен терминдер географиялық карталарда қалай бей-
неленеді? Олардың бейнесін картадан мысалға келтіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет