Алматыкiтап баспасы


Қазақстанның жаңа уақытта зерттелуі



Pdf көрінісі
бет14/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Қазақстанның жаңа уақытта зерттелуі.
XVii ғасырдың екінші жартысында Қытайдағы елші 
Ф. Байков
Жоңғария мен Ертісті аралап, Зайсан кө-
лінде болды. Қазақстанның Ертіс маңына сипатта-
ма берді. Ертіс өзені алабында тіршілік ететін жер-
гілікті тұрғындар егіншілікпен айналысатынын айт-
қан. 1696 жылы Тобыл қызметшісі 
С.У. Ремезов
«Барлық Сібір қалалары мен жерлерінің сызбасы» 
мен «Барлық сусыз жерлер мен аз өтпелі тасты 
далалардың сызбасы» карталарын әзірлеп, онда 
Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерін, Арал теңізін, Іле, 
Талас, Сырдария, Шу, Қаратал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Жем, Орал өзендерін, 
Тянь-Шань, Тарбағатай, Мұғалжар, Ұлытау тауларын суреттеді. 
XViii–XiX ғасырларда қазақ жерін зерттеуге С.У. Ремезов, А.С. Паллас,
И.И. Лепехин, И.П. Фальк, С.Г. Гмелин, И.А. Гильденштейд, Н.И. Потанин,
А.И. Левшин, А.И. Шренк, А.И. Бутаков тәрізді орыс зерттеушілері айтар-
лықтай үлес қосты. Сол кезеңдердегі география ұғымының дамуында 
Барлық Сібір қалалары мен жерлерінің сызбасы
С.У. Ремезов
22
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.А. Северцев, И.В. Мушкетов, А.Н. Крас-
нов, Л.С. Берг еңбектері айтарлықтай маңызды болды.
Бұл кезең қазақтың тұңғыш ғалымы, көрнекті 
саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы, Орта-
лық Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркістан халықта-
рының тарихы мен мәдениетін зерттеуші 
Шоқан 
Уәлихановтың
өмір сүріп, еңбек еткендігімен қы-
зықты. Ш.Уәлихановтың еңбектері неміс, ағылшын 
және француз тілдеріне аударылып, жарық көрген.
Қазақстанның XX ғасырда зерттелуі. 
Осы ке-
зеңде Қазақстан табиғатының зерттелуі ел эконо-
микасының дамуымен, табиғи ресурстардың жаңа 
түрлері мен дереккөздерін іздеумен тікелей байланысты. Сондықтан 
географиялық зерттеулердегі басты назар мемлекет алдында тұрған 
жаңа міндеттерге сәйкес табиғаттың жекелеген компоненттерін ке-
шенді зерделеуге ауды. 
Бұл ауқымды материал ұжымдық «Қазақстан» (1950), «Қазақстан-
ның физикалық географиясының очерктері» (1952), сонымен қа-
тар «Қазақстан климаты», «Қазақстанның жерүсті су ресурстары»,
«Қазақстан табиғаты» монографияларында ғылыми түрде жалпы-
ланды. Республика аумағын аудандастырудың жаңа сызбалары мен 
ландшафт картасы әзірленді. Ландшафттық зерттеулер мен адамдар-
дың шаруашылық іс-әрекеттерінің табиғат жағдайына әсерін зерттеу 
жүргізіле бастады.
Осы кезеңдерде ғылыми-зерттеу мекемелері (Қазақ КСР Ғылым 
академиясы География институты), жоғары оқу орындары мен геогра-
фия мамандықтары, мамандандырылған «Алтайполиметалл» (1924), 
«Атбастүстіметалл» (1925), «Казгеология» (1926) сияқты трест салала-
ры пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет