– антропотопонимдер (адам аттары немесе олардың қызметінің
түрі бойынша);
–
өндірістік топонимдер;
– сауда-көліктік;
–
елді мекен типтері;
– этнотопонимдер (халық немесе тайпа атаулары бойынша);
– мемориалды топонимдер (қандай да бір оқиғаның құрметіне
не есте қалдыру үшін);
–
діни-ғұрыптық топонимдер;
– мигрант-топонимдер (атау басқа аймақтардан енген);
– басқа топонимдер (қандай да бір топқа жатқызуға немесе түсін-
діруге келмейтін).
Сөз сандары
бойынша бір сөзден ғана тұратын қарапайым топо-
нимдер, бірнеше сөзден тұратын күрделі топонимдер бар. Соңғысы
өз кезегінде 6 ішкі топқа бөлінеді: зат есім +
зат есім; сын есім + зат
есім + сын есім; сан есім + зат есім; сөз тіркесі; қысқарту; басқасы. Әр-
бір күрделі топоним халықтық географиялық терминнен және индика-
тор-сөзден тұрады. Халықтық географиялық термин нысанның түрін
немесе типін, ал индикатор-сөз – оның маңызды белгілерін көрсетеді.
Қазақ топонимдері де қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайымдарына «Арал», «Балқаш», «Іле» атауларын жатқызуға бо-
лады. Ал күрделі топонимдер алдымен индикатор-сөзден тұрады,
оған халықтық географиялық термин жалғанады. Оларға, мысалы,
«Тайтөбе» (тай –
бір жастағы құлын, төбе – дөң), «Көктөбе» (жасыл
дөң), «Бестөбе» жатады.
Географиялық атаулардың үлкен тобы шығу тегіне қарай
Достарыңызбен бөлісу: