Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет19/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   146
Сабақтың мақсаттары

географиялық нысандар мен құбылыстардың номинациясының ар-
тықшылықтарын анықтауды үйрену;

қазақ халқының халықтық географиялық терминдерінің мағынасын 
түсіндіру.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

ұғым мен терминнің не екенін;

топонимдер, олардың класы мен қызметі туралы білу керек.
Географиялық терминдер мен ұғымдар. 
Әр ғылымның өз 
ұғымдар мен терминдер жүйесі болады, ол оның зерттейтін нысанда-
рының ерекшеліктерін көрсетеді және оны басқа ғылыми бағыттар-
дан немесе мектеп пәндерінен ажыратады. 
Ұғым
– бұл өзіне тән қандай да бір бел-
гілері бойынша затты немесе құбылысты 
ойша жалпылау және осы түсінікті сурет-
тейтін сөз немесе сөз тіркесі. Жер бетінің те-
гіс емес екендігін байқаған адамдар оның 
бүкіл жиынтығын 
жер бедері
деп атады 
(1-сурет)
. Оның биіктеу жерлерін 
тау 
деп 
атады, ал төмен және тегіс жерлері
 жазық
деп аталды.
Барлық осы ойша жалпылаулар – ұғым, 
яғни адамдар түрлі нысандардың, құбы-
лыстар мен процестердің ерекшеліктерін 
түсінуге және оларды белгілі бір топтарға жинақтауға ұмтылды.
Термин
– бұл ұғымды айқындайтын сөз немесе сөз тіркесі. Егер 
ұғым қалыптастыру кезінде адамдар ұқсас нысан, құбылыс пен про-
цестерді жинақтаған болса, онда термин оларды бөліп тастайды. 
Көбінесе көпмағыналы болатын ұғымнан айырмашылығы – термин-
дер, әдетте бірмағыналы келеді. Терминмен айналысатын барлық ға-
лым мен мамандар нысанның нақты ерекшелігін айқын көрсетуі тиіс. 
Халық арасында жер бедерінің көбіне тегіс түрлерін жазық деп атау 
қабылданған. Бұл – ұғым. Ал «ойыс», «қырат», «үстірт», «таулы қырат», 
«шоқы» тәрізді сөздер – терминдер. Олар абсолюттік биіктікті және 
нақты бір жазық беттің сипатын айқын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет