«Тау» сөзі – ұғым, бірақ таулардың ерекшеліктері «аласа таулар»,
«орташа таулар», «биік таулар» терминдерімен айқындалады.
Барлық су нысандарын географтар «гидросфера» ұғымына бірік-
тірді. Бірақ гидросфераның нысандары айрықша белгілері бойынша
жылға
,
өзен, көл, батпақ, теңіз
және
бұғаз, мұхит
деп аталды. Бұл –
терминдер.
Географиялық ұғымдардың ерекшеліктері, басқаларға қарағанда
географиялық ұғымдар кеңістіктік сипат алады. Олар жер бетіне «та-
ңыл ған», картаға түсіріледі және белгілі бір түрде картада бейнеленеді.
Нысан, құбылыс және процестерге атау беру
номинация
деп ата-
лады. Кейбір термин мен ұғымдар символдармен белгіленген. Олар
кез келген халықтың табиғи тілінде бар. Ал енді бір сөздерді жекеле-
ген зерттеушілер ойлап тапқан. Мысалы, «тау» сөзі кез келген тілде
шынайы, ал «биосфера» ойдан шығарылған.
Француз жаратылыстанушысы
Жан Батист Ламарк
XiX ғасырдың басында алғаш рет биосфера тұжырымда-
масын ұсынды. Бірақ оның тұжырымдамасына «биос-
фера» термині енбеді. Ал «биосфера» терминін Аустрия
геологі және палеонтологі Эдуард Зюсс 1875 жылы
ұсынған.
Кейбір терминдер мен ұғымдар – басқа тілдерден енген кірме
сөздер. Орыс және қазақ тілдері үшін ондай сөздерге мелиорация,
мегаполис т.б. жатады.
Басқа да көптеген ғылымдардағы тәрізді географ-ғалымдар «Ұғым
мен термин дегеніміз не?» деген мәселеде ортақ шешімге келе қойған
жоқ. Дегенмен бұл сөздер бізге географиялық құбылыс пен процес-
тердің артықшылықтарын тереңнен түсінуге көмектеседі. Дау тудыр-
мас үшін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде оларды «географиялық
ұғымдар мен түсініктер» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: