Сабақтың мақсаты:
●
Қазақстан минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын
анықтау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
●
минералды ресурстардың негізгі түрлерін және кен орнын;
●
пайдалы қазбаларды өндіру жолдарын;
●
бұл материалдарды адамдардың шаруашылық қызметінде қалай
қолданатындығын білу керек.
Батыс-Еуропалық платформасының, Тұран және Батыс-Сібір пли-
таларының кең алқаптарында шөгінді жыныстар басым. Мысалы,
мұнай және газ түріндегі жанғыш пайдалы қазбалар. Еліміздің батыс
бөлігінде шоғырланған мұнай мен
газдың ауқымды қорын есепке
ала отырып, Қазақстанды ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатары-
на жатқызуға болады. Ел аумағында 3 мұнай-газ бассейндері орна-
ласқан, атап айтсақ: Орал-Ембі, Маңғыстау және Оңтүстік-Торғай.
Мұнай
– стратегиялық шикізат
және
шикізатты қайта өңдеу ба-
рысында 300-ден астам өнім алуға
болады. Бұл сала ХІХ ғасырдың со-
ңында қолға алынды. Алғаш Қара-
шүңгіл мұнай кен орны 1899 жылы
ашылды. Кейіні рек Доссор (1911 ж.)
және Мақат (1915 ж.) қатарға қо-
сылды. Бұл кен орындары Аты-
рау
облысында орналасқан және
Орал-Ембі
бассейнінің құрамына енеді. Жеңіл, майлы мұнай ши-
кізаты зымыран отынын, қымбат майлау
материалдарын өндіруге
жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: