Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет74/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

бұл төсеніш бет. 
Оған қар мен 
мұздықтар, топырақ, өсімдіктер, орман, суқоймаларының барлық 
түрлері, жер бедері жатады. 
93
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


1. 
Қар, құм, өсімдік, су және егістік климатқа қалай ықпал ететіндігін 
анықтаңдар.
2. 
Жер бедері, оның ішінде теңіз деңгейінен биіктік Қазақстан клима-
тына қалай әсер етеді? 
Г
ЕОДЕРЕК
.
Соңғы жүз жылдықта Қазақстанда ауа температурасы-
ның жоғарылауы байқалуда. 1894 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде 
ол 2 градусты құрады. Сонымен қатар соңғы он жылдықта ауа темпе-
ратурасы үлкен қарқынмен артып келеді. ХХІ ғасырдың соңына қарай 
жылдық орташа температура елімізде, тіптен 3-5 градусқа көтерілуі 
мүмкін. Біртіндеп төтенше суық күн мен түннің саны қысқаратын бо-
лады, ал төтенше ыстық күн мен түннің саны артатын болады.
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1.
Кешке қарай жел күшейіп, қазбауыр бұлттар, ал таңертең будақты 
ұшпа бұлттар пайда болды. Олар өсіп, елесті пішінге енеді. Қандай 
атмосфералық ауа массаларының фронттары туындап келеді? Жел-
дің күшеюі атмосфера қысымының қандай аймағымен байланысты? 
Алдағы уақытта күн райы қалай өзгереді? 
2.
Ауа массасының қозғалысына Қазақстан аумағындағы қандай та-
биғи нысандар кедергі келтіреді?
94
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Климаттық жағдайлар. Ауа температурасы
Мемлекет қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан-
ның ауқымды аумағында ауа температурасы біркелкі таралмаған. Бар-
лық аласа таулы-жазық жерлерінде жылдық орташа ауа температурасы 
қолайлы. Ол солтүстігінде 0,4˚С-ты, оңтүстік шетінде 13,7˚С-ты құрайды. 
Солтүстігінде қаңтар айындағы орташа температура –19˚С, оңтүстігін-
де –4˚С, шілдеде солтүстігінде + 19˚С, оңтүстігінде + 26˚С болады. 
Жазда күн райы ыстық, жауын-шашын өте аз жауады, ауа, әсіре-
се оңтүстігінде өте құрғақ. Оңтүстікте жаз айларында температура 
+ 40˚С-қа дейін, кейде тіптен одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Қысы 
суық, солтүстігінде ұзаққа созылады, ал оңтүстігінде жұмсақ, қоңыр 
салқын. Қыста -50˚С-қа дейін аяз болуы мүмкін. Көктем сәуір айында 
басталып, мамырдың соңына дейін созылады. Осы мезгілде күн райы 
тұрақсыз болады. Ашық әрі жылы күн райы күрт салқындауға ұласуы 
мүмкін. Күзде күн райы көктемге қарағанда әлдеқайда тұрақты, бірақ 
түнде салқын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет