Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет90/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   146
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
1.
Міндетті түрде метеонимдерді атай отырып, өзің тұратын өлкенің 
әрбір жыл мезгіліне лайықты күн райының болжамын жасаңдар: 
1) жыл мезгілдерінің және жылдық ырғақтықтың
2) жауын-шашынның; 
3) желдің; 
4) күн райының, бұлттылықтың, көрінушілік пен атмосфералық құ-
былыстар жағдайының.
БАҚ қолданатын үлгі бойынша өздерің әзірлеген күн райы болжа-
мын көрсетіңдер.
2.
Жыл мезгілдері бойынша өзің тұратын өлкенің анемонимдерінің 
тізімін, себебін, салдары мен қорғаныс шараларын көрсете отырып 
жасаңдар.
3.
Өздерің тұратын жердің метеонимдері мен анемонимдерінің 
қысқаша сөздігін әзірлеңдер, олардың атауларын жаңа қазақ әліп-
биінің негізінде, кириллицамен және ағылшын транслитерация-
сымен жазыңдар. Ал анықтамасын өз қалауларың бойынша бір ғана 
тілде жазуға болады.
4.
Қазақ оронимдерінің (§12), метеонимдер мен анемонимдердің түр-
түстік мағынасы сәйкес келе ме? Ол неден байқалады?
113
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


53-суретте Қазақстанның бір бойлықта орналасқан екі қаласының 
климатын сипаттайтын климатограммалар берілген. 
1. Осы қалалардың қайсысы оңтүстікте, қайсысы солтүстікте орна-
ласқанын анықтаңдар. Өз жауаптарыңды растау үшін 2 дәлел келтіріңдер.
Менің географиялық жетістіктерім
23
2. § 17–18 материалына, атлас картасына және климатограммаға сү-
йеніп, әр пункттің климатына сипаттама беріңдер:
1) Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі жиынтық радиация 
қаншаға тең?
2) Бұл жерлердің климатына ауа массасының қандай типтері әсер етеді?
3) Қазақстан аумағында үстем болатын ауа массалары көпшілік жағ-
дайда құрғақ. Онда, бұл жерлерде, әсіресе оңтүстікте, ненің есебінен 
жауын-шашын түседі?
4) Төсеніш бет температура мен жауын-шашынның таралуына қалай 
әсер етеді?
3. § 19-20 материалдары бойынша анықтаңдар:
1) Климатограмма бойынша қаңтардағы орташа және шілдедегі 
орташа ауа температураларын, жылдық орташа температураны және 
жылдық жауын-шашын мөлшерін анықтаңдар;
2) Атмосфералық жауын-шашынның маусым бойынша таралуы;
3) ылғалдылық коэффициентін есептеңдер, осы ылғалдылық коэф-
фициентіне қандай табиғи зоналар сәйкес келуі мүмкін?
4) Осы пунктке қандай желдер әсер етуі мүмкін? 
5) Осы пункт орналасқан аудандарда не өсіруге болады?
4. § 21 материалдары бойынша айқындаңдар:
1) Осы пункттердің әрқайсысында қандай қолайсыз және қауіпті
атмосфералық құбылыстар байқалуы мүмкін?
2) Бұл қалалардың тұрғындары осы құбылыстармен қалай күрес 
жүргізеді?
53-сурет (1, 2)
Қазақстан қалаларының климатограммалары
1
2
114
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Мақсаты:

көрсеткіштерді жіктеу, талдау және Қазақстанның ішкі суларына: 
өзен, көл, мұздық, мәңгі тоң қабаты және жерасты суларына сипат-
тама беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет