жарамды бөгет құрылысын салу үшін Дүниежүзілік банкке несие беру
туралы өтініш жасады. 2005 жылы тамыз айында бөгет құрылысы
аяқталды
(56-сурет)
.
Бөгет салу нәтижесінде:
•
Кіші Аралдағы су деңгейі 12
метрге дейін артты;
•
Судың минералдылығы 23‰-ден 17‰-ге дейін төмендеді;
•
Өнеркәсіптік балықтардың саны мен алуан түрлілігі артты;
•
Микроклимат өзгерді;
•
Арал қаласынан теңізге дейінгі арақашықтық 100 км-ден 25 км-ге
дейін қысқарды.
Балқаш
– ағынсыз,
жартылай
тұщы көл, дүниежүзіндегі ірі
көлдердің ішінде 13 орында тұр.
Сарыарқа мен Балқаш маңы жа-
зығы арасында орналасқан. Көл-
дің ауданы – 16,4 мың км
2
, орташа
тереңдігі – 5,8 м, теңіз деңгейінен
биіктігі – 340 м,
жартылай пішін-
ді және ұзындығы – 600 км. Көлге
Жетісудың ірі өзендері құяды.
Сарыесік түбегі
көлді 2 бөлікке
бөледі – батыс және шығыс, олар
бір-бірінен химиялық құрамы мен тереңдігі бойынша ерекшеленеді.
Көлде көптеген аралдар бар, олардың ішіндегі айрықша ірілері:
Бас-
арал
мен
Тасарал
.
Шөл даланың климаты орнаған, жазы +30˚С-қа дейін ыстық, қыста
ауа температурасы –14˚С-қа дейін төмендейді.
Көлде кеме жылына 210 күндей қатынайды.
Негізінен балық,
сонымен қатар құрылыс материалдары тасымалданады. Көлде ба-
лықтың 20-дан астам түрі
кездеседі, өнеркәсіптік маңызы бар. Іле
және Балқаш көкбасы, сазан, көксерке, алабұға, қаяз балықтары ме-
кендейді.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы айрықша алаңдатуда. Көл
жағалауында орналасқан ең ірі елді мекен – Балқаш қаласы. Ол көл-
дің солтүстік жағалауында орналасқан. Қала түзуші кәсіпорын – тау-
кен-металлургиялық комбинаты.
Экзогендік типті көлдерге мұздықтық және тоғандық көлдер жа-
тады. Олар биік таулы Тянь-Шань, Жетісу
Алатауы тауларында кез-
деседі. Суффозиялық шөккен көлдер және ескі арналы көлдер. Олар
Қазақстанның солтүстігінде көбірек кездеседі
(57-сурет)
.
57-сурет.
Балқаш көлі
123
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
1.
8-сыныпта өткен көлдерге сипаттама беру жоспарына сүйеніп,
Алакөл, Марқакөл, Теңіз көлдеріне сипаттама беріңдер. Нәтижесін
ақпараттық график түрінде көрсетіңдер.
2. Қандай қолданбалық мәселелер үшін көл сипаттамасының әрбір
элементін зерттеу қажет? Ойланып жауап беріңдер.
3. Параграф соңындағы геодеректі мұқият оқыңдар. Ол бойынша өз
ойларыңды білдіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: