потамоним
деп аталады. Олардың қалыптасуына халықтық геогра-
фиялық терминдер қатысады. Олардың ішінде кеңінен таралғандары
13-кестеде келтірілген.
13-кесте
Потамонимдер құрамындағы қазақтың
халықтық географиялық терминдері
Айнабұлақ
– жер астынан қоректенетін таза мөлдір сулы бұлақ немесе көз.
Шамасы, айн (тәжік немесе парсы тілінен) – бұлақ, қайнар, айн (арабша) – көз
(адамның көзі), қазақтың көз сөзінің баламасынан шықса керек. Термин кейде
жеке атау ретінде қолданылады (Айнабұлақ).
Ақсу
– түсіне қарамай, қар немесе мұздық суымен қоректенетін өзен. Түркі тіл-
дес халықтарда термин «тұщы су» мағынасында қолданылады. Термин көбіне-
се өзеннің жеке атауы ретінде пайдаланылады: Ақсу, т.б.
Бақанас
(бәлкім, моңғ. «баган» – қысқа, «ус» – су – қысқа өзен) – Іле өзенінің
сағасы маңындағы құрғақ арналар, сонымен қатар Шыңғыстау өңірі мен
Алтайдағы аз сулы немесе кішігірім өзендер.
Бастау
(
бас
сөзінен алынған; басталатын жері) –
бас жағы; өзен суының
шығатын жері – бұлақ немесе қайнар. Термин қайнарлардың, бұлақтардың
жеке атауларының құрамына жиі кіреді: Қарабастау, Көкбастау, т.б. көптеген
атаулар.
Бұлақ
–
жерасты суымен қоректенетін, жылға түзетін қайнар, су көзі. Түр-
кі және моңғол жүйесіне жататын тілдерде сөйлейтін халықтарда ең кеңі-
нен таралған терминдердің бірі. Термин бұлақтар, қайнар, т.б. су көздерінің
жеке атауларының құрамына жиі кіреді: Сарыбұлақ, Қарабұлақ, т.б. көптеген
атаулар.
Достарыңызбен бөлісу: