Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет37/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

ҚОСЫМША А

Сауалнама №1




Құрметті респондент!
Сізден төменде берілген сөйлемдердің құрамындағы асты сызылған фразеологизмдерді ағылшын тіліне аударуды сұраймыз.



  1. Екеуі жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, «мен озам, мен озамммен» тепкілесіп, созыла берді. Бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай, жарысып келе жатты. Осы өрде бурыл ат есік пен төрдей1 алға түсе беріп еді. Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді (4 бет)

Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Құнанбай қасындағы қой көздеу2, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады (23 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. – Ер өлтіргенге құн сұраушы ең3. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар мұршаң жоқ (39 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Смағұл Оспанмен түйдей құрдас4 (90 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Абай да Бөжейге қадала қарап тұрған қалпында бата қылып, бетін сипап5 еді... (113 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. – Өй, жаман!.. Жаман бола ма деймін, осы шірікін! «Өлі-тірісің берген6 соң, өлі күйеу жата ма?» деп, өзің қалайсың? (117 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Мұның бәрі аға сұлтан сапарының «олжа мен сыйдан қоюланып келе жатқанына» айғақ еді. Құнанбай ауылында дәл осы күнде құмалақ салған7 кісі болса, жүргіншілердің «Бүйірі тоқ, қанжығасы берік, қос-қосардан олжасы бар!» дер еді (129 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Ойлап, бойлай берген сайын тағы талай құнсыз істер тапты. Алшынбай ауылына жіберілген елу қара да осы шоғырдың бір бөлігі. Қалың мал...8Абайға әперетін келіннің қалыңмалы да бұлдырдан... (130 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Абай мынау ыстық үйде, мынадай тырысқақ ашушаң кісінің үйінде ет асым уақыт9 отыруды өз басына жазадай санап еді (156 бет)

Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Тағы бір рет көршілес Керей мен Найманның осы жаздағы аттаныстарын, бір-бірімен барымта алысып10, шабысып қалғанын айтысты. (196 бет)



Сіздің аудармаңыз:___________________________________________

  1. Есік пен төрдей - Өлшем. Тіпті жақын, бір аттам ғана жер; таяқ тастам жер.

  2. Қой көздеу - қоңыр көз

  3. Құн сұрау - өлген адам үшін көсімі белгілеген ақы талап ету

  4. түйедей құрдас - жасы бір құрбы; бір жыл туған төл

  5. Бет сипау - өлікке, мәйітке бата оқу, бата қылу

  6. Өлі-тірісін берді - тірісі-қалың малдың аяқты мал түрі, өлісі-жыртыс, жасау сияқты қымбат бұйымдар

  7. Құмалақ салу - Көне. Жорамалдау, сәуегөйлік жасау

  8. Қалың мал - Көне. Қыздың ағайын-туысқанына құдалық үшін күйеу тарапынан төленетін мал (зат)

  9. Ет асым уақыт - Халықтың уақыт өлшемі: шамамен бір тамақ пісетін уақыт

  10. Барымта алу - Көне. Ертеде жесір, т.б. даумен қарсы жақтың малын барымталап шауып алу салты болған.



Біздің сауалнамамызға қатысуға келісім бергеніңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет