«Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» кмм



бет24/24
Дата21.10.2023
өлшемі308,9 Kb.
#120189
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Ұялы телефонның артықшылығы
1) Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда
адаммен хабарласа алады.
2) Ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз
3)Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз
4)Оқыс жагдайға ұшырасақ (көлік апаты , ұрлық , кездесуге уақытылы улгере
алмаған жағдайда, өз өміріңе- жақындарыңа қауіп төнген жагдайда, өз
денсаулығыңа қауіп төнген жагдайда) бірінші қолға ұстайынымыз ұялы телефон
5)Біреудің өліміне куәгер болсаңыз дәлел сіздің қолыңыздағы ұялы телефонның
бейнекамерасы
Ұялы телефонның кемшілігі
1 )Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.
2)Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.
3)АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды...»
4) Жас балаларға және егде жастағы кісілерге өте зиянды.
5) Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.




презентация

Соңы



Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.Егерде ұялы телефонды қолданғанда өз ережесіне сай қолданса, айтарлықтай зияны жоқ, бірақ сол ережені сақтамаудың кесірінен көптеген ауруларды адам өз қолымен тауып отыр.
« Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп қазақ халқымыз айтқандай, ұялы телефонды қорғану ережесін сақтап қолдансақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Оқушылар бейнематериал көреді

слайд


Сабақтың тақырыбы: Мен кітап оқимын
Күні: 28,09
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,(Ақын жазушылардың портреттері, нақыл сөздер, сөзжұмбақтар, ребустар, баспаның суреті, Иоганн Гуттенбергтің суреті)
Сабақтың түрі: пресс конференция
Пән аралық байланыс: математика, тарих, әдебиет,
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе. Жасымда білім бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?- деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады. Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар, өкінбейсіңдер, балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.
- Ал, балалар, бізге білім берер негізгі құрал не?
- Әрине, кітап. Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмір мен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы - құрдастарыңмен жақсы болуға қандай да бір жақсы лық істеуге құлшындыратын да осы – кітап. Біз кітаптың маңызын жақсы білеміз, Бірақ оның шығу тарихын көп біле бермейміз. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызда: Алғашқы кітаптарды қалай жасады? Кітап басу ісін кім ойлап тапты? Қазақ тілінде ең алғашқы шыққан кітап қалай аталады? Тағыда басқа бізді ойландырған сұрақтарға жауап табамыз. Бүгінгі сабағымыз пресс - конференция түрінде өтеді.(Балалар екі топқа бөлінген. Бірі газет - журнал тілшілері, бірі баспахана қызметкер лері.) Бүгінгі біздің сабағымызға «Алматыкітап»,»Атамұра»,»Дәуір», «Жазушы», «Өнер» баспасының қызметкерлерімен, «Балдырған», «Ұлан», «Айгөлек», «Балбұлақ», «Орал өңірі», «Серпін» газет - журналдарының тілшілері қатысып отыр
І. Конференция барысы:
Алнұр -«Балдырған» журналының тілшісі: Алғашқы кітаптардың шығу тарихын айтып берсеңіз?
Айсауле: «Алматыкітап» баспасының қызметкері: Кітап шыққалы бірнеше мың жыл болды. Содан бері оның бейнесі талай - талай өзгерді. Вавилондықтар, ассериялықтар, басқа да көне халықтар кітапты балшықтан жасаған. Жұп - жұмсақ балшық тақтаға үшкір таяқшамен ойып ерекше белгілер салынады. Содан соң тақталар кептіріліп, күйдіріледі. Сөйтіп талай - талай кітаптар жасалған.
«Дәуір» баспасының қызметкері - Дильназ: Ал Қытайда алғашқы кітаптар бамбуктан жасалған жұқа тақтаға жазылып, олар мықты жіпке тізілген. Кейінірек кітаптарын қыл қаламмен, тушьпен жібек матаға жазған.
«Атамұра» баспасының қызметкері - Алма: Ал Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазыл ған. Одан кейін папирус ойлап табылды. Қамыс тәрізді құрақтың жапырағы нығыздалып бір - біріне желімделеді де, ұзындығы бірнеше ондаған метр лента жасалған. Мұндай ленталар түтікке оралып сақталған. Папирус жазуға керекті ең жақсы материал саналған.
«Өнер» баспасының қызметкері - Айсауле: Ал Европада орта ғасырларда жазу үшін бұзау терісінен ерекше әдіспен иленген пергамент пайдаланылған. Ежелгі орыс елінде жазу, жұқалап сыдырылған қайың ағашының қабығына жазылған.
«Ұлан» газетінің тілшісі - Әли: Алғашқы басылған кітаптарды қалай атаған?
«Дәуір» баспасының қызметкері - Дильназ: Алғашқы басылған кітаптар кислографиялық кітаптар деп аталды. Бұл атау гректің «кисло»- «ағаш»,«графо»- «жазамын» сөздерінен шыққан. Ондай кітаптар былай жасалған. Ағаш тақтайдың тегіс бетіне оған жазылатын сөздің теріс бейнесі түсіріл ген. Содан кейін баспагер әріп сызықтарының арасын өткір пышақпен мұқият ойып, тазалаған. Сөйтіп жазылатын сөздің шығыңқы бедері жасалған. Оған бояу жағылғанда үстіне пергамент немесе қағаз бастырылған. Сөйтіп жаңағы тақтайдағы сөз қағазға жұққан.
«Орал өңірі» газетінің тілшісі - Алтынай: Алғаш қай ел қағаз жасауды ойлап тапқан?
«Дәуір» баспасының қызметкері - Дильназ: Қағаз жасауды адамдар екінші ғасырда үйренеді. Қағаз Қытайда ойлап табылды. Бірақ қытайлықтар оны жасаудың әдісін ұзақ уақыт құпия сақтаған. Қағаз Европада Х ғасырда ғана пайда болған. Олар қағазды шүберектерді ұнтақтап қайнату әдісімен жасаған. Ал бірақ газеттер шығып, кітаптар басылып, оқушыларға оқулықтар, дәптерлер қажет болған кезде шүберектер жетіспеген. Содан соң ғана қағазды ағаштан жасауға көшкен.
«Айгөлек» журналының тілшісі - Балдай: Ең алғаш кітап басу ісін ойлап тапқан кім?
«Жазушы»баспасының қызметкері - Жаннұр: Адамзаттың талай ұрпағы жеке әріптерден құрастырылатын баспа үлгісін жасауға тырысқан. Бірақ немістің өнер тапқышы Иоганн Гутенбергтей дәл ойлап тапқан болмаған екен.
«Айгөлек» журналының тілшісі - Балдай: Гутенберг не ойлап тапқан?
«Жазушы» баспасының қызметкері -Жаннұр: Гутенберг май сығып шығаратын кәдімгі прессті баспа хана станогына айналдырған. Сөйтіп оны баспа құралы етіп бейімдеген. Ең бастысы оның қанша сөз басу керек болса, сонша сөз басуға мүмкін баспа үлгісін тапқандығы. Бұл үлгілер оп - оңай ауыстыруға болатын жеке литерлерден Құралды. Литер дегеніміз бір басында әріптің шығыңқы бедері бар кішкентай металл бөлшегі. Әріптің бетіне бояу жағылады да басқан кезде ол қағазға түседі. Гутенбергтің ең басты өнер табысы осы.
«Өнер» баспасының тілшісі :
- Қазақ жерінде кітап шығару ісі қай уақытта қолға алынды?
«Жазушы»баспасының қызметкері:
- Негізінде орыс елінің өзінде кітап шығару 16 ғасырдың орта шеңінде басталған. Орыстың тұңғыш баспагері Иван Федоров болды. Ол «Апостол» атты кітап шығарды. Ал қазақ жерінде кітаптарды 18 ғасырға дейін көбіне араб әріптерімен жазылып, қол жазба түрінде таралған. Қазан көтерілісіне дейін 1800 - 1917 жылдар арасында қазақ тілінде 1100 дана ғана кітап шыққан. Оның өзі де басқа жерлерде Қазан, Ташкент қалаларындағы баспаларда басылған Қазақ тілінде тұңғыш шыққан кітап «Сейфіл - Мәлік» деп аталады.»Мың бір түн» кітабынан үзінді. Қазақстанда кітап шығару ісі 1918 жылдан бастап шығарылған. Осы жылы өзіміздің Батыс Қазақстандағы Орда да тұңғыш баспа ашылған.
«Серпін» баспасының тілшісі:-
- Кітап графикасы деген не?
«Өнер» баспасының қызметкері -
--- Кітап графикасы деген кітапты безендіру, яғни кітаптың мазмұнын ашатын суреттермен құрылымын үйлестіру. Бұл орайда суретшілердің графикалық еңбектері қолданылады.
«Балбұлақ»журналының тілшісі: :- Сіздің баспада қандай оқулықтар шығарылады?
«Атамұра» баспасының тілшісі:- ҚР - сында 1 - 4 сыныптарға арналған мемлекеттік білім стандарты қабылданды. Міне, осы білім стандарты негізінде құрылған бастауын сынып оқулықтары «Атамұра»,»Алматыкітап» баспаларынан шығарылады.
«Балдырған» журналының тілшісі:: Қазіргі уақытта кітап басып шығару қалай жүреді?
«Алматыкітап» баспасының тілшісі:- Кітап басу процесі жылдан - жылға дамып, жетіліп келеді. Осы заманғы баспаханаларда кітаптың барлық мәтінін, әріп теретін полиграфиялық машиналармен, әріп құятын қондырғылармен және фото тергіш автоматтармен тереді. Машиналар кітаптың суреттерін әзірлейді. Бұдан кейін мәтін мен суреттердің баспа үлгілері жасалады да. Одан өте шапшаң жүретін аса қуатты баспа машиналар сағатына 4 - 5 мың көшірме қағазға түсіреді. Машиналар басылған қағазды топтап, түптеп, тігіп шығарады.
«Ұлан» газетінің тілшісі - Өзіңіздің ең алғаш оқыған кітабыңыз?
Менің ең алғаш оқыған кітабым - ол сүйікті - Әліппе. Әліппе бізге оқуды, жазуды, ертегі, әңгіме айтуды, сурет салып, мәнерлеп өлең оқуды үйретті. Сондықтан, алғашқы оқыған кітабымыздың құрметіне «Әліппе»әнін орындап берейік.
2.«Әліппе» әні орындалады.
7. «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздерден кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастыру.
1. Кітап, білім, бұлақ, өмір, шырақ....................... (Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы.)
2. Ақыл, білім. азбайды, тозбайды.................... (Ақыл азбайды, білім тозбайды)
3. Надан, дос, кітап............................ (Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол)
4. Артық. ғылым, кітап, оқы................................... (Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге)
5. Білім, қайнар, көз, кітап.................................. (Білімнің қайнар көзі - кітап)
6. Кітап, ғалым, тіл, мұғалім.........................(Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім)
7. Кітап, ұстаз, ұстаз........................... (өмір ұстазы)
8. Кітап көрмесі. Балаларға арналған ертегілер, әңгімелер мен А. Құнанбаев, М. Әуезов, Б. Соқпақбаев, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, т. б ақын – жазушылардың кітаптары туралы сұхбат жүргізілді.
9. Қорытындылау
Кітап - жан азығың» деп тегін айтылмаса керек. Жаныңды нұрландырып, көкірегіңді оятатын не екен? Әрине, кітап. Ендеше ақын аталарымыздың кітап туралы айтқан өлеңдерімен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
А: Құнанбаев: Талап қыл артық білуге,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
С. Сейфуллин: Оқу білім қазығы,
Адамның азығы,
Оқу өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.
Б. Майлин: Оқыса білім бұлағы,
Оқыса елдің ұланы.
Тірілтіп, елге жан бітіп,
Ел үшін жұмақ қылады.


Тақырыбы: Дәстүрлер сабақтастығы
Күні: 09.11
Мақсаты: - Ұлт тарихын білу;
- Ұлттық салт - дәстүрді дәріптеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттың құндылығын біледі.
Ұлт тарихының тереңдігін түсінеді.
Қолданатын ресурстар: бейне материал, А3 қағаз, «9 ромб», «Рефлексивті нысана», «СМС хабарлама», стикерлер, маркер, топқа бөлуге арналған қима қағаздар.
Мақсаты: Оқушылардың көңіл – күйлерін көтеру, жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру

1. Ұйымдастыру
«Кемпірқосақ» қыздыру жаттығуы.
Іс - әрекеттер
Сынып сағатына дайындау үшін «Кемпірқосақ» қыздыру жаттығуын түсіндіріп, ойнатады.
Нәтижесі: Ойынға қатысып, зейіндері жинақталады, көңіл - күйлері көтеріледі.

2. Топқа бөлу
Кері байланыс Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
1 – топ Салт - дәстүр
2 – топ Әдет - ғұрып
3 – топ Ырым - тыйым
Топтасып отырады

3. Негізгі бөлім
Тақырып бойынша мағлұмат беру
Бүгін Қазақстан бейбітшілік пен өзара келісімінің ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамызда көпұлтты және көпдінді қоғам тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері.

Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамыз. Бұл біздің мықты құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы»
Діндер, өркениеттер, мемлекеттер арасында ынтымаққа, бейбітшілік пен келісімге үндейтін диалог алаңы ретінде халықаралық қауымдастықпен мойындалып үлгерген Қазақстан бастамаларының ауқымы мен маңызы жыл сайын артып келеді. Діндер Съезі алғаш рет қазақ даласында туын тіккенде оған қатысушылар саны 17 елден 17 делегатты ғана құраған еді. Ал, соңғы Съезде әлемнің 50 мемлекетінен 100 - ге жуық делегация жиналды. Қазақстанның беделінің өскені шығар, делегация құрамында әлемдегі ықпалды дін басшылары болды.
Елбасы айтпақшы, бұл процестер Съездің жаһандық маңызының жыл сайын артып, салмағының сапалы түрде өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

Ой салу
Нақыл сөздер айтады:
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Әдептілік тәрбие бастауы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

4 «Дін және салт - дәстүр»
Бейне материал көру арқылы оқушыларға ой салу.

5 «9 ромб»
Салт - дәстүр туралы ой қозғау Оқушыларға салт - дәстүр мен мерекелердің тізімін береді
1) Асату
2) Наурыз мерекесі
3) Байғазы
4) Халықаралық әйелдер күні
5) Шілдехана
6) Айт мерекесі
7) 9 мамыр
8) Конституция күні
9) Тулақ шашу
10) Тоқымқағар
11) 16 желтоқсан
12) 1 мамыр
13) Қалжа
14) Бастаңғы
15) Бесікке салу
16) Тілашар

6. «Ойлы болсаң, тауып көр» Сұрақтарға жауап беру
Тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.
1 - топ.
1 - Ерулік дегеніміз не? (Жаңадан көшіп келген көршіні үйіне қонаққа шақыру).
2 - Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтқан? (Көктем).
3 - Асату деген не? (Еттен кейін ақсақал балаларға қалған еттен беру).
4 - Аманат дегеніміз не? (Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатқа қиянат жасауға болмайды).
5 - Баланы бесікке салғанда қандай той жасалады? (Бесік той).
6 - Сүйінші дегеніміз не? (Қуанышты хабарды жеткізу ).
7 - Қарашаңырақ сөзінің мағынасы? (Үлкен үй).

2 - топ.
1 -«Тулақ шашу» дәстүрі туралы не білеміз? (Қазақ әйелдері жүн сабар алдында «ісіміз сәтті болсын» деп тулақ шашу жасайды, яғни тамақ дайындалып, шай ішетін дәстүр).
2 - Тілашар тойы қашан жасалады? (Бала алғашқы оқуға барғанда).
3 - Қоңақкәде дегеніміз не? (Қоңаққа келген адамның өнерін көрсетуі).
4 - Бастаңғы дегеніміз не? (Үйдің үлкені жол жүріп кеткенде, жастар сол үйге жиналып бастаңғы жасайды).
5 - Байғазы қай кезде сұралады? (Жаңа затты көргенде).
6 - Сыбаға дегеніміз не? (Құрметті қоңаққа немесе өздерінің жақындарына сақтаған ет мүшелері).
7 - Шашу дегенімз не? (Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, қуанышты күндерде тәттілермен шашу шашады).

3 - топ.
1 - Тоқымқағар дегеніміз не? (Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу).
2 - Сыңсу қай тойда айтылған? (Қыз ұзату).
3 - Жеке үй, отау болып шыққан жастарға ата - анасы не береді? (Енші).
4 - Жас босанған анаға сойылатын арнаулы мал? (Қалжа).
5 - Асар дегеніміз не? (Көлемді ауыр жұмысқа ауылдасты шақыру).
6 - Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7).
7 - Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (Шаңырақ).

7. «СМС хабарлама» Қорытындылау мақсатында хабарлама алу
- Оқушылар бүгінгі сынып сағаты бойынша сендердің пікірлеріңді білгіміз келеді. Сондықтан да бізге «СМС хабарлама» қалдыруды ұсынамын

8. «Рефлексивті нысана»
Диалогтік алаңнан алған әсерлерін, көңіл - күйлерін байқау мақсатында «Рефлексивті нысана» әдісін қолдану

Рефлексивті нысанаға стикер жабыстыруды ұсынады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет