Ақуыздардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Әр ақуызда а-аминқышқылдары тек осы ақуызға ғана тән ретімен орналасады.
Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді.
Мысалы, жұмыртқа ақуызының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет ақуызының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал көптеген ақуыздардікі > 300000 шамасында.
Олар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір ақуыздардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді.
бұралған, амин қышқылының радикалдары спиральдан сыртқа қарай айналады.
Бұл құрылым кезінде аминқышқыл негіздері сутекті байланыспен қосылады.
Бір спиарльді орамға 3,6 аминқышқыл қалдықтары қатысады (бір амин қышқылының NH -тобы мен басқа амин қышқылының СО-тобы).
α-спиральді ақуыздар: миозин,- α-кератин
β-құрылым
пептидті тізбектердің негіздері иректелген конфигурацияны немесе бүктелген жапырақ тәрізді болып келеді.
Бұл құрылым сутекті байланыспен байланысқан.
β- құрылымды ақуыздардың түрлері:
фибрион шелка
β-кератин
ақуыздардың үшінші ретті құрылымы
Үшінші ретті құрылым домендер пішінімен анықталады.
Домен – бұл ақуыздардың әртүрлі екінші ретті құрылымынан тұратын, нақты құрылым α и β аймақтарының қатынасына тәуелді, ақуыздардың үшінші ретті құрылымы глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді және глобула деп аталатын құрылым түзіледі..
Үшінші ретті құрылымға тән байланыстар түрі: 1) дисульфитті - ковалентік байланыс,, цистеин қалдықтары аралығында түзіледі 2) сутекті – полярлы (зарядталған және зарядталмаған радикалдар аралығында); 3) гидрофобты әсерлесу