Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты» Мақсаты



бет15/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты»
Мақсаты: Тыңдалым мәтінін тыңдай отырып, берілген ақпараттың ішінен артық/бұрыс ақпаратты анықтау. Оқулықтағы мәтінді пайдаланып, оқушылардың тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту. Оқушылар тыңдалым мәтінін тыңдай отырып, карточкадағы артық ақпаратты /бұрыс ақпаратты анықтайды.
Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан, сайлау жолымен немесе үкіметтің бекітуімен берілмейді. Би атағы сот рәсімін терең білетін, шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық арасында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетінін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, жұртқа таралған. Сөйтіп, би атағы сот пен адвокаттық істегі патенке айналады да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан әке орнына мұрагер болып қалады.
Қазақ халқындағы мұндай мұрагерлік жайында көптеген мысал келтіруге болады. Орта жүздің Қаракесек руында ХVII ғасырдың ақырында Қазыбек деген атақты би болды. Олардың тұқымы осы күнге дейін билікке ие болып отыр: Қазыбек, Бекболат, Тіленші, Алшынбай.
Бұған қарап, қазақтарда би мұрагерлік жолмен беріледі екен деп те ойлауға болмайды. Қаржас руынан шыққан Шорман би атақты әрі бай қазақтың баласы, бидің баласы емес. Шорман он үш жасында топ жарып, дау шешеді. Ол өле-өлгенше «Бала би» атанып кетеді.
«Артығын тап!» (ауызша орындалатын тапсырма)
Шоқан Уәлиханов ...
Тарихшы
Құрылысшы
Географ
Шығыстанушы
Би атағы ........................адамға берілген.
Сот рәсімін терең білетін
Ақшасы көп адамға
Шешендік өнерді меңгерген
Заң-жораны білетін
Қазыбек бидің билігін жалғастырған ұрпақтары
Алшынбай
Бекболат
Шорман
Тіленші
Көкшетау қаласында Шоқан Уәлиханов атында ....... бар.
Көше
Мұражай
Университет
Ескерткіш




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет