Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов» Мақсаты



бет14/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов»
Мақсаты: Оқушылардың мәтінді мұқият тыңдап тестік сұрақтарға жауап беру деңгейлерін байқау.
«Бір-біріңді тексер» әдісі (Тест жауаптарын белгілеген соң, тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша жұптар бір – бірін тексереді)
Шоқан Уәлиханов 
(1835 -1865) 

Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде дүниеге келген.
Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының аға сұлтаны болған. Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. 
Шоқан Уәлиханов – өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсады. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді. Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек, жарқын жүзді адам болды. 
Шоқан 1847 жылы, 12 жасында Омбының кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы «Корнет» әскери атағымен оны бітірді.
1854 жылы Шоқан генерал Гасфордпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады. Алматы, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады. 
Шоқан Уәлихановтың орыс достары көп болған. Олар: П.П.Семенов-Тяньшанский, Ф.М. Достоевский, Г.И. Потанин, Н.М. Ядренцев т.б.
1857 жылы ол Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады.
Шоқан бейнелеу өнеріне де көп еңбек сіңірді. Ол негізінен пейзаж, портрет, халық тұрмысын бейнелеумен айналысқан. Шоқаннан 150-дей сурет қалған. Академик И.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп жоқ болды. Біз одан зор үміт күтіп едік, бірақ Шоқанның мезгілісіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті» -деп жазды.
Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуір айында Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған деген жерде Тезек төренің ауылында қайтыс болады.


Тест сұрақтары.


1. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835 ә) 1845 б) 1865 в) 1893

2. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы, Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті в) Көкшетау облысы, Уәлихан ауданы
3. «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп жоқ болды» - деп кім айтты?
а) Г. И. Потанин ә) В. В. Григорьев б) Н. И. Ильминский в) И.И. Веселовский
4. Шоқанның әкесі кім болған?
а) хан болған ә) аға сұлтан болған
б) би болған в) батыр болған


5. Шоқан Омбы кадет корпусына қай жылы түсті?
а) 1845
ә) 1851
б) 1847
в) 1854
6. Шоқанның қанша сурет сақталған?
а) 160-тай
ә) 145-тей
б) 150-дей
в) 130-дай
7. Ш. Уәлиханов Аягөз, Қапал, Тарбағатай тауларына кіммен саяхат жасады
а) И. И. Березин
ә) Ф.И. Достоевский
б) М. Хоментовский
в) Г.Х. Гасфорд
8. Шоқан қай жанрда сурет салған.
а) пейзаж
ә) натюрморт
б) дизайн
в) сәулет өнері
9. Шоқанның атын әлемге танытқан еңбегі
а) Қытайға жасаған сапары
ә) «Манас» жыры
б) Орта Азия мен Қазақстанды зерттеу
в) Сот реформасы
10. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?
а) 1861
ә) 1858
б) 1857
в) 1856
17 тыңдалым. 10 сынып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет