Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Бағдарламаның өзектілігі және жаңалығы



бет2/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Бағдарламаның өзектілігі және жаңалығы: Тыңдалым мәтіндері оқу жоспарына сай, күнделікті өмірмен байланысты құрылған. Оқушылар тыңдалым мәтініне арналған тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Өйткені тыңдалым тапсырмалары оқушылардың жас ерекшелігіне сай, сонымен қатар лексикалық тақырыпқа грамматикалық тапсырмалар да сұрыпталып сәйкес келеді.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. Тыңдалым тапсырмалары арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу, критериалды ойлау қабілеттерін шыңдау. Тыңдалым мәтіндері арқылы оқу бағдарламасына сай лексикалық тақырыптарды тиісті деңгейде меңгеру. Оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыту арқылы, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын да дамыту, шыңдау.
Бағдарламаның ерекшелігі: Аудиомәтінде негізгі ойды білдіретін фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, белгілі бір шешімі бар мәселенің болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – мәтіннің әдістемелік талапқа сай екенін көрсетеді. Жалпы мәтіннің мазмұны тіл үйренушіге түсінікті болып, тіл үйренуші оны сөйлеу үдерісінде қолдана білу керек.
Күтілетін нәтиже: Мәтіндегі таныс емес сөздер 2 пайыздан аспаған жағдайда, тіл үйренуші оларға назар аудармай, мәтінде айтылуға тиісті негізгі ойды меңгеруге тырысады. Тыңдалымды меңгертумен қатар оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.
Бұл бағдарлама 5-11 сыныптарда жаңа білім мазмұны бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдерге арналған. Бағдарламадағы тыңдалым тапсырмалары 2020 жылдан бері оқушының жас ерекшеліктеріне сай сабақ барысында қолданылып келеді.

1,2,3 тыңдалым. «Дұрыс/бұрыс» әдісі 7 сынып


Тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы»
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: Мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың қайсысы дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
1 тыңдалым. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.
2 тыңдалым. Біздің заманымызға деінгі І мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-біріменқарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылған жібек мата себеп болды.
Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналасуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті.
3 тыңдалым. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең неегізгі сауда жолы Сырдария, Талас, Шу, Іле арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі «Яқсарт», «Сейхун» деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалап, ары қарай Қара теңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.
Жібек жолы Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жалғасты. Осы жолдардың бойында Испинджап, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет