Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»



бет16/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Оқылым арқылы өзара бағалау:Тапсырма орындалып болған соң топта отырған оқушылар, карточкаларымен ауысып, оқулықтағы мәтінді оқу барысында бір-бірін тексеріп, бағалайды.

  • Әр дұрыс анықтаған жауабы үшін -1 балл қояды.

  • Максималды балл саны-4 балл.

18 тыңдалым. 5 сынып.


Тақырыбы: «Қиял құдіреті»
Мақсаты: Тыңдалым мәтінін тыңдай отырып, берілген ақпараттың ішінен тірек сөздерді анықтау. Оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту.
Қиял құдіреті
Қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға беретін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиялдай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дарытылмаған.
Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шындығы әбден астасқан заман. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды.
Адамның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгінгідей бәсекелестік өріс алып отырған заманда, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы. Оның ең басты шарттарының бірі – оған ертегі айту деп түсінеміз. Әрине сәби қиялын дамытуда қазіргі мультфильмдердің де маңызы зор екендігі анық. Бірақ бұл дайын өнім. Кейіпкерлерінің түр-келбетін, барлық заттарды бейнелі түрде көз алдыңа алып келеді. Сондықтан оның балаларды қызықтырушылық рөлі зор. Бірақ бәрібір ертегіге жетпейді. Себебі ертегі тыңдаған сәбилер ондағы кейіпкерлердің бейнелі образдарын қиялдау арқылы өздері сомдауға мәжбүр болады. Демек сәби үшін мультфильмге қарағанда ертегінің пайдасы молырақ. Бұл сәби қиялын кеңейтумен қатар ойлануға, ми жасушаларының барынша жұмыс істеуіне әсер етеді. Басқалай айтқанда, дүниедегі ең кереметтің бәрі қиял туындысы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет