“Аморфты материалдар” лекциялары курсы


Хрустальді шыны 370 жыл бұрын алынған



бет2/43
Дата06.02.2023
өлшемі5,58 Mb.
#65436
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Хрустальді шыны 370 жыл бұрын алынған. Мұндай шынының компоненттерінің бірі болып қорғасын қос тотығы (PbO2), ал қарапайым құм орнына таза кварцтық құм не кремень қолданылады. Бұл шынылар кварц (тау хрусталі) сияқты мөлдір әрі реңсіз және флинт (ағылшыншадан flint-кремень) деп аталады.
Кейінірек флинттер секілді жоғары сапалы шыныларды қорғасын оксидінің қоспасынсыз ала бастады. Бұл шыныларды крондар деп атады. Крондар мен флинттер негізінен оптикалық аспаптар бөлшектерін дайындауға және қымбат хрусталь ыдыстар дайындауға қолданылады.
Құрамында бор оксидінің (B2O3) көп мөлшері бар шынылардың термиялық ұлғаю коэффициенті (ТҰК) өте аз болғандықтан температураның үлкен алмасуларына төзімді болады. Мұндай шыны пирекс деп аталады. Бұдан да аз ТҰК-не таза кварцтық шыны ие. Бұдан жасалған бұйымдарды қызыл болғанға дейін қыздырып суға салсақ олар шағылмайды. Кварцтық шыны жоғары механикалық беріктікке де ие. Беріктігі бойынша кварцтық шыныға шынықтырылған шыны жақын келеді. Мұндай шынылардың кейбір сорттары оқ өткізбейді және сол себепті көліктің арнайы түрлерінің терезелерін жасауда қолданылады.
«Шыны» деген түсінікке анықтама берсек: шыны – ол келесі кристаллизациясыз қатты күйге дейін суытылған органикалық немесе бейорганикалық балқыма өнімі. Қазіргі заманда шыны әдеттегідей үйреншікті болғаны соншалықты, біз адамзаттың өмірі онсыз қандай ыңғайсыз болатындығы жайлы ойланамыз, қанша ғылыми жаңалықтар жасалмас еді және ғылыми-техникалық прогресс қандай жолмен дамитын еді?!

1.2 Кристалды емес құрылымды материалдардың негізгі этаптары:
1. 30 – 50 - інші жылдар аморфты (шынытәріздес) селен – электрофотография (ксерография).
2. 1954 – 1956 жж. − Күкірт (S), селен (Se), теллур(Te) негізіндегі материалдардың, халькогонидті шынытәріздес жартылай өткізгіштердің ашылуы: Горюнова Н.А. және Коломиец Б.Т., А.Ф.Иоффе атындағы ФТИ АН КССР, Ленинград.
3. 1960 ж. Клемент, Уилленс және Дувез алғаш құймаларды тез суыту арқылы алынған шынытәріздес металдық құймаларды суреттеді.
4. 1973-1975 жж. – a-Si, a-Ge, a-Si:H, a-Ge:H және олардың қоспаларын a-(SiGe):H ойлап табу және алу. (Спир, Ле Комбер).
5. 1970 ж. ортасы: а-С, а-С:Н ойлап табу және алу.
6. 1990 ж.: DLC – diamond-like carbon (алмазтәріздес көміртегі) ойлап табу және алу.
7. 1970 жылдар аяғы: аморфты полимерлерді ойлап табу және алу.
8. Заттың кристалды емес күйінің теориясын жасау: Мотт Н. (1978 ж. Нобель сыйлығы), Дэвис Э., Займан Дж., Андерсон, Бонч-Бруевич В.Л., Цендин Л.Д. және т.б.
Физикалық қасиеттер тұрғысынан, шынытәріздес заттар кристалды заттар секілді диэлектриктер, жартылай откізгіштер және металдар болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда өте төменгі температураларда асқын өткізгіштер де болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет