1.1 Шара Жиенқұлованың шығармашылығы және
Қазақстанда кәсіби қазақ би мектебінің қалыптасуы
Шара Жиенқұлова Шара (Гульшара) Баймолдақызы 1912
жылдың 8-тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ
халық биінің алғашқы кәсіби орындаушысы, Қазақ ССР-нің
халық артисі, (1938ж.), Мемлекеттік сыйлықтың иегері (1938ж.)
игері (1968ж.), оқытушы-балетмейстер, Ленин орденімен, екі
мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен,
медальдармен марапатталған.
1929-1930
жылдар аралығында Қазақ педагогикалық
институтының тарих факультетінде оқыды. Қазақстан би өнерінің
болашақ жарық жұлдызының табиғи дарыны оны театрға алып
келді. Б. Майлиннің «Шұға» спектаклімен кәсіби сахнаға
шыққан Шара, М. Әуезовтың «Еңбек - Кебек» спектаклінде
Еңлікті, «Қаракөз» спектаклінде Қаракөзді ойнады.
1934 жылдан музыкалық драма театрында (қазіргі Абай
атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры)
жұмыс істеді. А.А. Александров басқарып отырған балет
труппасына ауысқан Шара балетмейстер әрі оқытушы
А.Александровтан сабақ ала жүріп, өзінің шеберлігіни арттыра
түсті. Талантты Шара көп кешікпей балет труппасының жеке
бишісі дәрежесіне көтерілді. Ұлттық опералардағы барлық жеке
билерді тек Шара ғана орындайтын болды. М.Әуезовтың
6
«Айман-Шолпан» музыкалық спектакліндегі, Е Брусиловскийдің
«Қыз Жібек», «Ер Тарғын » операларындағы билер Шараның
орындалуында
қайталанбас
ерекшелігімен,
жарқ
еткен
жалынымен есте қалды.
1938жылы В.Великановтың алғашқы ұлттық «Қалқаман-
Мамыр» балетінде Мамырдың партиясын биледі. Ал, 1936 жылы
Мәскеуде өткен Қазақстан өнерінің онкүндегінде Шараның аты
Бүкіл Одақ көлеміне жайылған болатын. Сол күндері басылым
беттерінде Шараның өнеріне таң қалып, таңдай қаға жазып
жатты. Ұлттық хореография өнерінің ерекше жарқырай көрінген
өкілі ретінде атаққа, даңққа бөленді.
Қазақстан
киноматографиясы
«Амангелді»
фильмінде
батырдың жары Балымның ролін ойнау арқылы келіп, белгілі
болды. Л.А. Жуковпен бірлесе балетмейстер ретінде И.Н.
Надировтың «Көктем» балетін қойды (1940ж.).
1940-1962 жылдар аралығында Ш.Жиенқұлова филормония
артисі болып жұмыс істеді. Ал, 1962-1966 жылдар аралығында
Қазақ ССР-нің ән-би ансамблін басқарды.
Қазақстан
Республикасының
халық
артисі
Шара
Жиенқұлованың шығармашылығының тағы бір керемет кезеңі,
оның оқытушылық қызметке ден қойған кезі болды. 1965 жылы
Үкіметке хат жолдап, өзі қайта-қайта басшылардың алдына бара
жүріп хореография училищесінен халық би бөлімін ашып, онда
«Қазақ биі» пәнін оқу бағдарламасына енгізді.
1966-1975
жылдар аралығында Алматы хореография
училищесінің директоры қызметін атқарды. Осы жылдарда әсем
қала Алматының төрінен хореография өнерінен білім беріп
отырған училищенің жаңа ғимаратын салуға атсалысты. Оның
оқытушылық қызметі зая кеткен жоқ. Г.Талпакова Қаз.ССР-нің
халық артисі атанса, К. Карабалинова, Б.Байжұманова еңбек
сіңірген артисі атағына ие болды, Ғ.Бейсенова , Г. Орымбаева
оқытушылық қызметтерін атқара жүріп, қазақ халық биінің
сахналық үлгіде дамуына үлкен үлес қосқан өнерпаздар.
Ш. Жиенқұлова қазақ би өнерін шет елдерге таныстырған
алғашқы биші. 1936 және 1958 жылдарда Мәскеу қаласында
өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүнднгінде жеке биші
ретінде танылды.
Сахнадағы орындаушылық кезеңі аяқталған соң Шара
балетмейстерлік өнермен айналысты. Ол өз тәжірбиесін жас
7
бишілерге
үйретуден
жалыққан
емес.
Өзінің
соңғы
Құрманғазының «Айжан қыз», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі»
билерін жаңа редакциясында Мемлекеттік «Алтынай» би
ансамбліне қойды (1986ж.). Сонымен қатар «Сымбат», «Тайна
танца», «Достар биі» еңбектері қазақ биінен алғашқы әдістемелік
еңбектері болды. Ш. Жиенқұлованың қазақ биін үйретудегі
әдістемелік
еңбектері
қазіргі
авторлардың
оқу
бағдарламаларының
негізіне
айналып
отыр.
Ш.Б.
Жиенқұлованың шығармашылығы қазақ биінің республикада
кәсіби дамуына жол салды. Қазақтың алғашқы кәсіби бишісінің
қол жеткізген жетістектері қазақ биінің дамып, өркендеуіне өз
үлесін қосты. Ш. Жиенққұлова атында Республикалық дәстүрлі
қазақ би байқауы өтіп тұрады. Онда жаңа талантты
орындаушылар мен балетмейстерлер өз шығармашылығымен
көзге түсумен қатар жалпы қазақ биінің дамып, жетілуіне үлкен
ықпал етуде.
Шара Жиенқұлова Баймолдақызы 1991 жылы 21 мамырда
сексенге қараған шағында Алматы қаласында көз жұмды.
|