Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған


«Бір» дегенде қолдың басын төмен түсіреді де, шынтағын  жоғары көтереді. «Екі»



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Amreeva T.M. Shara Jienqulovanyn bi mektebin uireny adisi 2017

«Бір» дегенде қолдың басын төмен түсіреді де, шынтағын 
жоғары көтереді.
«Екі» дегенде қолдың басын жоғары көтеріп, шынтағын 
төмен түсіреді.
«Үш» дегенде шынтағын жоғары көтеріп,
«Төрт» дегенде қолдың басын жоғары көтереді.
 


27 
Отырыс Домбра жоғарыда Домбраны алға ұстау 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Домбраны оңға ұстау Домбраны тік ұстау

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.3 Шара Жиенқұлованың би қойылымдары 
Шара Жиенқұлова Баймолдақызы көп жылдар бойы 
тынымсыз тірнектеп жинап, моншақтай теріп жүріп жетпіске 
тарта қазақтың ұлттық билерін шығарды, қырық биді сахнаға 
қойды. Оның ішінде жеке билер де, топтасып орындайтын билер 
де бар. Мұның бәрі ұлттық негізге құрылған, мазмұн-мәні, 
идеясы анық, билік нақыш - өрнегі сұлу, нәзік, әрі түсінікті 
билер. Шара билерінде батысқа және шығысқа еліктеушілік 
болған жоқ, оның еңбегінде ұлттық мінез әркез сақталды. Билері, 


28 
оның ішінде қазақ билері арқылы жас ұрпақ қазақ халқының 
тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салтымен, ұрпақтан-
ұрпаққа мұра боп келе жатқан қасиетті дәстүрлерімен танысады. 
Шара апамыз құрып беріп кеткен қазақ би мектебі 
жастарымызды әдемілікке, адамгершілікке, парасаттылыққа 
тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарады.
Шара Жиенқұлова өзінің «Сымбат» деген кітабында былай 
дейді: «Би өнерінің әліппесі ең алдымен денені түзу ұстап 
үйренуден басталуға тиіс. Кейбір жастардың жүріс - тұрысы 
сөлекеттеу болып келеді. Мәселен, денесін былық-сылық бос 
ұстап, екі иығын ретсіз қомдап, қолдары епетейсіз салбырап, 
мойнын ішіне тартып бүкірейтіп жүретіндер бар. Әсіресе, қыз 
балалардың жүрісі өте әсем болғаны жөн. Мысалы, екі аяқтың 
ұшын ішке қаратып шалыс жүріп әдеттенгендіктен, кейбір 
қыздардың аяқтары «қисық» көрінуі әбден мүмкін. Мұны түзеп, 
қалыпқа келтіру адамның өз қолындағы іс».
Қазақтың қолөнер үлгілерінен туындаған би қимылдары 
Шара би қойылымдарында сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, 
әдет-ғұрпын 
тағы 
басқа 
ұлттық 
ерекшеліктеріне 
тән 
қимылдармен өрнектеді.
Мысалы, «Айжан қыз» - жеке би. Құрманғазының күйіне 
қойылған. Бірде қазақтың атақты үш халық күйшісі кездеседі. Оның 
бірі домбырашы Айжан қыз екен. Ол өз ортасында өжет қыз 
атаныпты. Дарынды, ешқандай қорлық-зорлыққа мойын ұсынып 
қорықпай, ескі салт дағдыларына бағынбай тойда, жиында, сауық 
кештерінде домбыра шертіп, күй шығарады екен. Соған орай, оның 
өнерін де халық сүйсіне тыңдайды. Кезінде Құрманғазымен 
кездесіпті. Оның осындай ашықжарқын алғыр мінезіне, өнеріне 
сүйсінген Құраманғазы «Айжан қыз» деген күй арнап шығарды. Би 
осы күйдің ырғағына қойылды. Шара би миниатюрасында жастық 
шақтың салтанат құруын көрсетеді. «Айжан қыз» биінің бірінші 
бөлімінде нәзік, биязы қыздың тал бойындағы ерекше әсем қимыл 
баяндалса: екінші бөлімінде жігерлі, қажырлы домбырашы қыздың 
буырқанған күш-қайратын күйдің тартқан сәтіндегі саусақтарының 
көз ілеспейтінқимылын, орындау шеберлігін, қызу қандылығын
тебіреніс толқынын көрермендердің көз алдына анық елестетіп 
беруше Шара апа көп күш салған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет