29
құлпыра өскен ерке қыздың сүйген жігітімен өзен бойында кездесу
сәті алынған. Ат суарған боп су басына келген жігіттің де жүрегі
лүпілдеп қызды күтіп тұрады. Ынтыққан қос жүректің
мөлдір
махаббатын бар аймақ құптағандай: судың ағысы да, кешкі самал
желдің сыбдыры да қуаныш күйін тартқандай муызка болып
естіледі. Асыға күткен қызы жүрегінің дүрсілі, құлағындағы
сырғасы мен мойнындағы қос алқаның сылдыры қол ұстасқан қыз
бен жігіттің би ырғағына айналды.
Құрманғанзының атақты «Сарыарқа» күйін
алғаш рет
тыңдағанда Шара апаға кең далада жосылған арғымақтардың
шабысы, қыз қуу ойыны бірден көз алдына келеді. «Сарыарқа»
күйіне би шығару апамыздың көпке дейінгі сәті түсіп, іске аспай
жүрген арманы болған еді. Сөйтіп күй ырғағына «Қыз қуу» биін
бір үлкен концертте шағарады. Оны шара өзі билеп шығады. Би
көрермен қауымның құптауына ие болды. Шара оны қай сахнада
билесе де үлкен табыспен өтіп жүрді.
Шара апамыздың Латиф Хамидидің
«Қазақ вальсі» әніне
қойылған биі өте керемет. Осы шығарманы біз әншілеріміздің
орындауында сан рет естіп жүрміз. Ал Шара «Қазақ вальсін» би
тілінде өзінше баяндайды, музыкаға
сай толқыған би кестелерін
тоқиды, әдемі, қызғылықты би қимыл композициясын жасайды.
Кейде кербез, кейде ұршықша үйірілген әсем дене қимылдары,
бет мимикасы арқылы биші қазақ жастарының шаттық көңіл-
күйін, бақытты өмірін бейнелейді.
Шара өзі орындауға тиіс
вокалдық-би сценарилерінде, хореографиялық суреттемелерде
бүгінгі күннің рухын беруге көп көңіл бөлді.
Репертуарындағы әртүрлі
ұлттар билерімен қоса Шара
қазақтың әр алуан сипаттағы халық әндерін де биге қосады.
Әндер ырғағына, мақамына қарай билеп қана қоймай, әндердің
сөздеріне орай түрлі-түрлі
мимикалар жасап, ойнай да алады.
«Молдабай», «Нақ-нақ», «Жариям айдай», «Қыздар-ай», «Әне,
гүл-гүл тамаша», «Бипыл», «Сәулем-ай», «Мерген» т.б. сияқты
халық әндерін әсем түрлентіп орындағанда, жұрт мейлінше разы
боп, рахаттанып қалатын еді. «Мен бидегі барлық жаңалық пен
жақсылыққа құштармын. Бірақ бірінші
кезекке өзімнің ұлттық
биімді қоямын. Әрбір азамат өз халқының өнері үшін титтей де
болса үлесін қосуы керек. Сонда ол өз халқының ұрпағы болмақ»
- депті Шара апамыз.