Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Amreeva T.M. Shara Jienqulovanyn bi mektebin uireny adisi 2017

Ат шабыс. ІІІ түрі 
 
Биші дайындық кезінде тізесін сәл 
бүігіп тұрады. 
«Бір» дегенде жоғары секіріп, екі 
өкшесін бір-біріне қосады. 
«Екі» дегенде аяқты 3-ші қалыпқа 
қояды.
Ат шабыс. ІV түрі 
Дайындық аяқ 6 –шы қалыпта 
«Бір» дегенде секіріп екі аяқтың 
ұшымен отырады, екі қолды кеуде 
тұсына қусырына ұстайды.
«Екі» дегенде секіріп 2-ші қалыпқа 
тұрады, екі қолын жоғары көтереді.
«Үш» дегенде 3-ші қалып бойынша 
секіріп, екі тізесін екі жаққа қаратады.
«Төрт» дегенде аяқты 3-ші қалыпқа 
қойып, оң қолын жоғары, сол қолын алға 
көтереді.
Ат шабыс. V түрі 
 
Бишінің дайындығы 6 –шы қалыпта 
Екі қолы кәдуілгі қалпында. 
«Бір» дегенде секіріп І-ші қалыпқа 
отырады. Екі тізесі екі жаққа қарайды, 
ал, екі қолын мықынына таяна ұстайды.
«Екі» дегенде секіріс сырғанақтай 
келіп, екі аяқты екі жаққа 4-ші қалыпқа 
қояды. Дененің салмағы оң аяққа түседі. 


26 
Қамшы ұстаған оң қолын жоғары көтереді, сол қолы белде 
тұрады.
1.2.4 
Домбыра аспабына байланысты
туған би қимылдары 
Домбыра аспабына байланысты туған би қимылдары; 
отырыс, домбыраны жоғары көтеру, домбыраны тік ұстау, 
домбыраны оңға ұстау, домбыраны алға ұстау. Домбыра 
тартудың алты түрлі өрнегі 
Дайындық түрлері 
Биші сол қолын жоғары көтергенде алақаны жоғары 
қаратылып, саусақтары жазылулы қалпында болады.
Оң қолын шынтағына бүгіп, кеуде тұсынан игенде алақанын 
ішке тартады. Ал қолдың басын тура ұстап, басын сәл солға 
бұрады.
І түрі 
Кеуде тұсындағы оң қолдың басын бірнеше рет жоғары-
төмен сілтейді.
ІІ түрі 
Оң қолдың алақанын жоғары қаратып, солдан оңға қарай 
белдің тұсын 8 санының өрнегін жасайды.
ІІІ түрі 
Оң қолдың басын иықтың үстінен айналдырып (теріс 
қақпай), басты солға бұрады.
ІV түрі 
Оң қолдың саусақтарын оңнан солға, сол қолдың басына 
қарай қимылдатады. Одан соң қайтадан солдан оңға қарай 
саусақтарды жыбырлата қимылдатады (алақаны төмен қарайды). 
V түрі Отырыс 
Оң қолдың басын құлақ тұсында бірнеше рет айналдырады.
VІ түрі 
Оң қолдың шынтақтан бүгіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет