Амтамасыздандыру



бет14/51
Дата07.09.2022
өлшемі484,5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
Алгоритрм лекция жинағы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Printf()
% <жалау> <өрістің мөлшері . дәлдігі> спецификация
мұндағы жалау келесі мәндерді қабылдай алуы мүмкін:
- шығарылатын саның оң жаққа тураналы ( келісім бойынша оңға туаланады);
+ оң санның таңбасы шығарылады;
өрістің мөлшері – өрістің ең кіші енін, яғни санның ұзындығын береді. Өрістің ені тар болған жағдайда дағды бойынша кеңейтілу орындалады.;
дәлдігі – санның дәлдігін, яғни санның бөлшек бөлігіндегі цифрлардың санын береді;
спецификация шығарылмақшы ақпараттың түрін көрсетеді. Төменде баспаға шығару функциясының негізгі форматтары көрсетілген:
Printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі:
printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);
(<формат тіркесі> – қостырнақшамен (”) шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық аргументтер формат специ­фикациясына сәйкес түрлендіріледі, спецификация % символымен басталады және мәліметтер типін, оларды түрлендіру тәсілін көрсететін бір әріп жазы­лады. Объектілер ретінде айнымалылар, константалар, өрнектер қолданылуы мүмкін. Мысалы:
printf (“ Пи санының мәні = %f\n”, pi);
Формат тіркесінде мыналар болады:

  1. мәтін ретінде шығарылатын символдар тіркесі;

  2. түрлендіру спецификациялары;

  3. басқару символдары.

Әрбір аргументке өз спецификациясы сәйкес келуі тиіс, олар:
%d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%i – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан ([-]dddd.dddd ) жазылып шығады,
%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан ([-]d.ddddedd) шығарылады,
%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е ([-]d.ddddEdd) шығарылады,
%c – бір символ шығарылуы тиіс,
%s – символдар тіркесі (қатары) шығарылуы тиіс,
%g – нақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады,
%u – таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады,
%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады,
%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады.
\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.
Мысалы:
%9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
Әрбір спецификация % символынан басталып, түрлендіру символымен аяқталады. Ол екеуінің ортасында мыналар тұруы мүмкін:
- минус таңбасы, аргумент мәні сол жақ шетке ығыстырылып жазылады.
- цифрлар, бүтін санның жалпы орналасу енін анықтайды. Сан осы енге немесе одан артық болып шығарылады. Егер аргумент ені көрсетілген еннен аз болса, онда ол бос орындармен толтырылып жазылады.
- нүктеге дейін санның жалпы ені, нүктеден соң бөлшек сандар ені көрсетіледі.
- L модификаторы, сәйкес аргумент мәні INT емес LONG екенін білдіреді.
Ақпарат енгізу функциялары

getch () функциясы жеке символдарды енгізу үшін қолданылады.
gets () функиясы ENTER пернесін басқанға дейінгі символдар қатарын енгізуді қамтамасыз етеді.
scanf функциясы мәліметтерді форматтап енгізуге арналған. Функцияның жалпы жазылу түрі:
scanf (<басқару қатары >, < адрестер тізімі>);
Бұл функцияда да, printf () функциясындағыдай басқару қатары көрсетіледі. Бірақ, scanf() функциясының printf () функциясынан айырмашылығы оның адрестер тізімінде айнымалылардың нұсқауыштары, яғни олардың адрестері көрсетіледі. Айнымалының нұсқауышын белгілеу айнымалының атының алдына оның адресін көрсететін & символы қойылып жазылады. Ал жолдық айнымалыларды енгізу үшін & символы қойылмайды. %s форматын пайдаланғанда бірінші кездесетін бос орынға дейінгі жол енгізіледі. Мәліметтерді бір жолға бос орынмен бөлініп жазылған түрінде немесе бірнеше жолға жазылған түрінде енгізуге болады.
Бұл ерекшеліктер келесі программалық бөлікте көрсетілген:
int course;
float grant;
char name[20];
printf ( "Укажите ваш курс, стипендию, имя \n");
scanf ( "%d%f", &course, &grant);
scanf ( "%s", name); /* & отсутствует при указании массива символов */


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет