Scanf() енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру спецификациясының көбін пайдаланады.
scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады. Мысалы:
scanf("%d%f", &x,&y);
Кейбір айырмашылықтарын атап өтейік.
%е және %f спецификациялары енгізу кезінде бірдей болып табылады;
short типті бүтін санды енгізу кезінде %h спецификациясы қолданылады.
ЕСКЕРТУ. Айнымалы адресін беру үшін адрестерді жазғанда, айнымалы адресін анықтау үшін & символы қолданылады. Ал жолдық (қатарлық) айнымалыны енгізгенде, & символы жазылмайды.
Жол енгізуден бір мысал келтірейік.
/* Жол енгізу мысалы */ main() { char name [15]; clrscr(); printf("\n‚Ввод имени \n"); scanf("%s",name); printf("Автором программы является %s\n",name); } name атты символ массиві енгізілгенде, адресті анықтайтын & символы жазылмайды, өйткені массивтің аты name массив адресін анықтайды.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар: ~~ Float және double жылжымалы нүктелі нақты сандар типтерін қолданып көрсетіңіз.
~~ Си тілінде жазылған программаның құрылымын сипаттаңыз.
~~ Си тіліндегі мәліметтер типтерін көрсетіңіз.
ОБСӨЖ тапсырмалары: СИ тіліндегі мәліметтер типтері
СӨЖ тапсырмалары: СИ тіліндегі мәліметтер типтері
Бақылау сұрақтары: Енгізу-шығару функциялары кітапханасын қандай тақырыптық файл арқылы жазады?
Printf() функциясы не үшін қолданылады?
Scanf() функциясы не үшін қолданылады?
Әдебиеттер: Фленов М.В. Программирование в Delphi глазами хакера +CD, Москва.
Культин Н.Б. Самоучитель Основы программирования в Delphi 7 +диске
Хармон Руководство разработчика баз данных в Delphi/Kylix.
Роберт Делросси VB2D - конвертор с Visual Basic на Delphi
Камардинов А. Delphi 5, Алматы, “Ата-мура”, 2002.
4 - Дәріс Тақырыбы: СИ тілінде қолданылатын негізгі операциялар