Амтамасыздандыру


Лекция мақсаты мен міндеттері



бет16/51
Дата07.09.2022
өлшемі484,5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Лекция мақсаты мен міндеттері:



Лекция мазмұны. Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады. Си тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншік­теу операторының жазылу форматы мынадай болады:

  1. <айнымалы> = <айнымалы> <операция> <өрнек>;

немесе
Айнымалының аты = өрнек;
Алдымен өрнектің мәні есептелініп, нәтижесі айнымалының атына меншіктеледі. Мысалы: y=(x+2)/(3*x)-5;

Мұны Си тілінде қысқаша былай жазуға болады:


<айнымалы> <операция> = <өрнек>;
Төменде бірнеше мысал келтірілген.
a=a+b;  a+=b; a=a*b;  a*=b;
a=a-b;  a-=b; a=a/b;  a/=b;
Си тілінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Бір оператордың көмегімен бірнеше айнымалыға бір мәнді меншіктеуге де болады, мысалы: x=y=z=0; /* x, y, z=0 */
sum = a = b;
Мұнда меншіктеу операторы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мәні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мәні sum-ға меншіктеледі.
Меншіктеу операторын былай да жазуға болады:
1) a = (b = 1) +2;
мұнда a=3, b=1.
2) a = b = 1 + 2;
ал мұнда a = 3, b = 3.
Немесе z=(x=y)*5; - алдымен х айнымалысына y айнымалысының мәні беріледі де, одан кейін x*5 өрнегінің мәні есептелініп, алынған нәтиже z айнымалысына меншіктеледі
Дөңгелек жақшаға алынған кез келген меншіктеу операторы анықталған мәні бар өрнек болып табылады, мысалы: ((s=13+12)<=30) деген өрнек ақиқат мәнді болып табылады.
Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. Си тілінде мынадай операциялар бар:
* – көбейту, / – бөлу, % – модуль бойынша бөлу (қалдықты анықтау), + – қосу, – азайту.
Модуль бойынша бөлу бүтін санды бүтін санға бөлген кездегі қалдықты анықтайды. Мысалы: 20 % 3 = 2.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет