«Қан айналымы биохимиясы» модулі бойынша ақпараттық топтама



бет11/59
Дата21.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#85500
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
ХМ және ТӨТЛП-ң түзілуі
Хиломикрон (от «chyle» - сүт шырыны, лимфа; «micros» - кішкентай).
Хиломикрондар – экзогенді липидтердің (триглицеридтер мен холестериндердің) негізгі тасымалдаушы формасы.
Бұл кішкентай май тамшысы: оның ортасында триацилглицериндер болады, олар бөлшектің басым бөлігі болып табылады және хиломикрон массасының 80% құрайды. Шеткі жағында фосфолипидтер қабаттары (массаның 8%) және апобелоктар қабаттары (массаның 2%) орналасқан, олардың екеуі - А және В48 энтероцит рибосомаларында синтезделеді. Қалған 10% массасы холестерин мен оның эфирлеріне тиесілі. Хиломикронның беті гидрофильді: ақуыздар мен фосфолипидтердің гидрофильді бөліктері бөлшек бетінде орналасқан.
Майлы тағамдарды пайдаланғаннан кейін қанда хиломикрондар мөлшерінің жоғарылайтындығы байқалады.
Ұзын тізбекті МҚ бар ТАГ ағзаға тамақпен бірге түскен кезде ХМ пайда болады. Егер құрамында көміртегі атомдарының саны 12-ден аз МҚ бар ТАГ тағам арқылы ағзаға түсетін болса (олар әсіресе сүттің ТАГ-не бай), онда ішек қабырғасында ХМ түзілмейді, өйткені мұндай МҚ ішек қабырғасында сіңгеннен кейін лимфа жүйесін айналып өтіп, тікелей бауырға қақпа венасы арқылы енеді.
Хиломикрондар шырышты ішектің эпителий жасушаларында түзіледі.
Хиломикрондар көлемі үлкен болғандықтан экзоцитоз жолымен қан жүретін капиллярлар қабырғаларында болатын саңылаулар арқылы өте алмайды (диаметрі 100 ден 1000 нм дейін). Сондықтан да хиломикрондар экзоцитоз жолымен лимфаға түседі.
Оң жақ жүрек пен өкпеге, содан соң қан айналымының үлкен айналымына ауысады. Лимфа хиломикрондарында B48 апопротеині және А апопротеинінің бірнеше түр тармақтары бар. Қанда хиломикрондар С апопротеині мен Е апопротеинінің бірнеше түр тармақтары бар ТЖЛП-мен кездеседі. Хилимикрондар ТЖЛП-ң апопротеиндерімен алмасады: А апопротеиндерінің бір бөлігін беріп С және Е апопротеиндерін алады. Май тіндері, миокард, қаңқа бұлшықеттері, сүт бездерінің қан жүретін капиллярларында хиломикрондар эндотелий беткейінде орналасқан липопротеидлипазамен ыдырайды. Липопротеидлипазаның кофакторы СII апопротеині болып табылады. Липопротеинлипаза хиломикронның триацилглицериндерін гидролиздейді. Сонымен қатар, олардың барлығы тамырішілік липолиздің есебінен айтарлықтай мөлшерде ТАГ жоғалтады және олардың гидрофобты ядросы айтарлықтай "салмағын жоғалтады". ХМ фосфолипидті қалдық бөліктерге айналады, ХС және апопротеидтер салыстырмалы түрде артық болады.
Қабықтың компоненттері ТЖЛП бөлшектерімен ұсталады, ал қаннан хиломикрондардың қалдық компоненттері бауырға шығарылады. Бауырда E апопротеин рецепторлары бар.
Хиломикрондардың өздері атерогендік қасиетке ие емес, бірақ хиломикрондардың қалдық компоненттері атерогенді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет