«Қан айналымы биохимиясы» модулі бойынша ақпараттық топтама



бет14/59
Дата21.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#85500
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Апобелоктардың қызметі.
Бұл ақуыздар липидтерге суда ерігіштігін беріп қана қоймайды, сонымен қатар бауыр мен ішек жасушалары липопротеидтердің секрециясы үшін және липопротеидтердің жасуша бетіндегі рецепторлармен әрекеттесу процесінде қажет. Олардың сондай-ақ липопротеидтер метаболизміне қатысатын ферменттерді белсендіретіндігі және апопротеидтердің негізгі түрлерінің функциялары 2-ші кестеде көрсетілген.
Апопротеидтер және липопротеидтер рецепторлары. Апопротеидтер липопротеидтердің құрылымдық тұтастығын сақтайды, липопротеидтер арасындағы алмасу процестеріне қатысады. Соңғы 10 жылда AI, AII, AIII, B48, B100, CI, CII, CIII, D, E және (a) апопротеиндердің гендері клондалып, осы апопротеиндердің негізгі функциялары анықталған.
1. Апопротеин B. Апопротеиннің толық формасы – апопротеин B100 – құрамында 4536 аминқышқылдары бар. Апопротеин B100 – бауырда түзілетін ТӨТЛП, ТОЛП және ТТЛП-ң негізгі белокты компоненті (B, E – апопротеин рецепторлары). В-100 апопротеині ТТЛПB, E - апопротеин рецепторлары құрамында Е-апопротеині бар липопротеидтермен әрекеттеседі. Апопротеин B48 - бұл B100 апопротеинінің фрагменті, хиломикрондардың және олардың қалдық компоненттерінің негізгі апопротеині. В48 аопротеині ішекте синтезделеді. B, E- апопротеин-рецепторлары В48 апопротеинін танымайды, сондықтан хиломикрондардың қалдық компоненттері қаннан бауырға Е - апопротеин рецепторымен шығарылады.
2. E апопротеині ТТЛП, ТОЛП, ТЖЛП және хиломикрондардың қалдық компоненттерінің құрамына кіреді және осы липопротеидтердің барлығын B,E- апопротеин- рецепторларымен, сондай-ақ, E апопротеинінің рецепторларымен байланыстыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, Е апопротеинінің толық болмауы ТОЛП-ң және хиломикрондардың қалдық компоненттерінің жиналуына және жас кезінде атеросклероздың дамуына әкеледі.
AI және AII апопротеиндерінде ТЖЛП ақуыздары жоғары. Апопротеин AI ТЖЛП-де холестеринді этерификациялауды катализдейтін лецитинхолестерин-ацилтрансфераза кофакторы болып табылады. Сонымен қатар, AI апопротеині ТЖЛП-дің бауыр жасушаларымен байланысуына жауап береді және қандағы холестеринді кетіруге қатысады. АII апопротеинінің функциясы дәл анықталмаған. Оның липидтер мен AI апопротеинінің байланысуына ықпал ететіндігі болжанады.
4. CI, CII және CIII апопротеиндері негізінен хиломикрондарда және ТӨТЛП-де кездеседі; ТЖЛП-де олардың мөлшері өте аз болады. Барлық осы апопротеиндер бауырда ТОЛП мен хиломикрондардың қалдық компоненттерінің ұсталуын тежейді. CII апопротеині липопротеидлипаза активаторы ретінде қызмет етеді; CII апопротеині жеткіліксіздігі бар адамдарда ауыр гипертриглицеридемия байқалады. CIII апопротеині липопротеинлипаза ингибиторы болып табылады.


Кесте Адамның липопротеиндерінің биохимиялық сипаттамасы

Қасиеттері

Хиломикрондар

ТӨТЛП

ТОЛП

ТТЛП

ТЖЛП

Бөлшектер көлемі, нм

100—1000

30—80

25—30

20—25

7—15

Тығыздығы, г/см3

0,92- 0,98

0,96—1,006

1,006—1,019

1,019—1,063

1,063—1,210

Құрамы, %

Холестерин

3—7

20—30

30—50

51—58

18—25

Триглицеридтер

80—95

50—65

30—40

4—10

3—7

Фосфолипидтер

3—6

15—20

20—25

18—24

24—32

Нәруыздар

1—2

6—10

10—15

18—22

45—55

Апопротеиндер

B48, AI, AII, AIV, CI, CII, CIII, E

B100, CI, CII, CIII, E

B100, E

B100

AI, AII, AIV, CI, CII, CIII, E

Түзілетін орны немесе шығу көзі

Аш ішек,тағам липидтері

Бауыр, аш ішек

Бауыр, қандағы ТӨТЛП

Бауыр,
Қандағы ТӨТЛП мен ТОЛП

Аш ішек, бауыр



Қызметтері

Экзогенді ТАГ-ң ішектен бауыр мен тіндерге тасымалдау

Эндогенді ТАГ-ң бауырдан тіндерге тасымалдау

Эндогенді холестеринді тіндерге тасымалдау

ХС-ді бауырдан тіндерге тасымалдау

ХС-ді тіндерден бауырға тасымалдау

Атерогенділігі

Дәлелденбеген

Дәлелденбеген

Мүмкін

Дәлелденген

Антиатерогенді заттар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет