An introduction to educational research methods. Введение в образовательные исследовательские методы Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе


Әрі қарайғы зерттеу үшін ұсыныстар енгізу



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата06.03.2017
өлшемі32,4 Mb.
#8078
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85

Әрі қарайғы зерттеу үшін ұсыныстар енгізу 

Зерттеу жұмысы маңызды сұрақтарға жауап беруі мүмкін, оның нысанымен 

байланысты басқа да сұрақтар жауапсыз қалуы мүмкін. Одан бөлек, кейбір жауапсыз 

қалған сұрақтар сіздің зерттеу жұмысыңыздың нәтижесінде мақсатқа бағытталған 

болуы мүмкін. Талқылау тарауында сізге келешекте зерттеу жүргізу үшін ұсыныстар 

енгізу қажет. 

 

11.5 кестеде көрсетілгендей, Педдер (2006) сынып мөлшеріне арналған 



жұмысының талқылау бөлімінде мұны өте қысқа түрде жасап шығарды. 

Writing About Your  Research

605


Кесте 11.5 Нәтижелерді талқылау тарауының құрылымы 

11.2 тапсырма

Нәтижелерді  талқылау  бойынша  өз  тарауыңызды  бағалау  үшін  келесі 

сұрақтарды пайдаланыңыз: 

1  Нәтижелерді  талқылау  тарауында  келтірілген  барлық  тармақтарды 

қамтыдыңыз ба (11.5 кестені қараңыз)?

2 Нәтижелерге дәлелдеме берген тұсыңыз мәліметтермен нығайтылғанына, 

өзіңіздің негізделмеген қорытынды жасамағаныңызға сенімдісіз бе?

3 Сіздің хабарламаңызды араластырып түсініксіз ете алатын қандай да бір 

түйісу нүктелері қамтылған ба? 

 

Кесте 11.5 Нəәтижелерді талқылау тарауының құрылымы  

 

Негізгі зерттеу 



нəәтижелерінің тізімін келтіру  

Орта мектептерді зерттеу сыныптың көлемі мен барлық оқыту мен оқу түрлері үшін оңтайлы 

жағдайлар арасындағы бір жақты өзара байланысты ешқандай да растамады. Бұл негізгі нəәтиже  

 

Нəәтижелердің мəәндері мен 



олардың неліктен маңызды 

екендігін түсіндіру  

 

Түрлі мұғалімдер үлкен жəәне кіші сыныптарда оқытуды қолдау мен тереңдету мүмкіндіктерін 



анықтады; олар сонымен бірге үлкен жəәне кіші сыныптардағы шектеулерді анықтады. 

Сондықтан саясаткерлерге оқушылардың оқуы үшін артықшылықтар кіші жəәне үлкен 

сыныптарда қатар туындау мүмкіндігін есепке алу қажет, сондықтан түрлі оқу-педагогикалық 

мақсаттар үшін түрлі көлемдегі оқу топтарына үлестіру қатысты мейлінше икемді тəәсілдерді 

қолдануға болатын мектептерге талаптарды жасау қажет.   

 

Сіздің нəәтижелеріңізді басқа 



ұқсас нəәтижелермен 

байланыстыру  

Осы мақаланың басында аталып өткен Америкадағы сыныптың көлемін қысқарту бойынша ірі 

ауқымды эксперименттер көп деңгейде мектеп немесе сынып деңгейіндегі шешімдермен емес, 

үкіметтік деңгейдегі саяси жəәне экономикалық шешімдермен туындалған.  

 

Нəәтижелерге балама 



түсініктемелер қарастыру  

 

Сондықтан бір қарағанда сынып мөлшеріне деген назар жеке алынған айнымалы ретінде тек 



түсінікті ғана емес, сонымен қатар дəәлелденіп де отыр. Алайда бір жобаға үйлестірілген зерттеу 

əәдістері, яғни үлгімен тəәжірибе алушы мұғалімдердің аз дисперсті талдауына ие сыныптағы 

мінез-құлық үлгісін бақылау қатысты жəәне ғаламдық саяси деңгейде ойлану мен шешімдерді 

қабылдау үшін пайдалы болатын нақты ақпаратты жасау үшін мейлінше үлкен мүмкіндік береді. 

Саясаткерлер барлық күрделілікті есепке алып, мектептерде оқу-педагогикалық үдерісті 

ұйымдастыруға мейлінше икемді тəәсілдер үшін мейлінше ашық болуы тиіс.  

 

Кейіннен зерттеу үшін 



ұсыныстар енгізу  

 

Макинтайр мұғалімдер мен оқушылар үшін байланыссыз уақытты арттыруды қамтитын икемді 



реформаны жəәне жеке жəәне сыныптарда жəәне мақсаттарға қарай түрлі көлемдегі топтарда 

мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы жеке байланысты жүзеге асыру үшін мейлінше 

икемді сызбаларды қолдайды. Егер саясаткерлер мен басқарушы органдар осындай инклюзивті 

өзгерістер аясында сынып мөлшерінің саясатын дамытуды қабылдай бастаса, онда кіші 

сыныптан əәлеуетті артықшылықтарды алуға, сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада 

шығындарды арттырмастан үлкен сыныптардың артықшылықтарын ала алады.  

 

Дереккөз: Pedder (2006). 

 

 



Writing About Your  Research

606


Қорытынды мен ұсыныстар

11.6 кестеде көрсетілгендей, жақсы қорытынды мынадай болуы тиіс. Педдер (2006) 

келесіні қамтыды: түрлі тұлғалар тобы үшін ұсынымдар – бұл жағдайда саясаткерлер 

үшін; әрі қарай зерттеуге арналған ұсыныстар; оның зерттеу жобасын бағалау, 

қойылған зерттеу міндеттеріне жауап беруге қатысты оның сенімсіздігі туралы 

мәлімдемені; соңғы қорытынды хабарламаны қоса алғанда. 



Кесте 11.6 Қорытынды

Ендігі ретте, барлық ойды қағаз бетіне түсіре отырып, тексеру үшін қайта оралмас 

бұрын шимай қағазды бірнеше күнге қалдыра тұру қажет. Жазу – тұрақты жетілдіру 

үдерісі болып табылады, сондықтан ол алатын уақытты орынды бағаламай қоюға 

болмайды. Кітапханаға барып, келесі талдау кезеңіне дайындалып жатқан кезде 

бұрынғы студенттердің жұмыстарының үлгілеріне шолу жасаңыз. 



 Кесте 11.6 Қорытынды 

 

Түрлі тұлғалар топтары үшін 



ұсынымдар – бұл жағдайда 

саясаткерлер үшін  

Бастауыш жəәне орта мектептегі сыныптың көлемінің əәсерін зерттеуге арналған көптеген 

əәдістерді пайдаланатын зерттеу.  

 

ƏӘрі қарай зерттеуге арналған 



ұсыныстар  

Сыныптың мөлшерін өзгертудің түрлі мəәнмəәтіндерінде барлық оқушылар үшін білім беру 

сапасын тиімді арттыруға бейімделуі мүмкін стратегиялар мен білімдер түрлерін тереңірек 

түсіну үшін əәрі қарайғы зерттеу қажет. Мұндай зерттеу түрлі мақсаттарда үлкен жəәне кіші 

сыныптарда оқытуды жетілдіру туралы тиімді пікір беруі тиіс. Сыныптың көлемінің өзгерісі 

орын алатын мəәнмəәтіндерге сынып мөлшерін зерттеу ерекше назар аударуы тиіс, ол 

басқа негізгі айнымалылармен бірге сыныптың мөлшерінің өзара əәрекеттері арқылы түрлі 

жолдарды зерттеу есебінен орын алады. Мұғалімдер түрлі күшті жақтары мен біліктіліктері 

бар. Олар түрлі пəәндерді оқытады да, қаржыландыру мен кеңістіктің деңгейлерін өзгерту 

мəәнмəәтіндерінде жұмыс істейді.  

 

Олар оқытатын оқушылар түрлі жеке тұлғаға, мінез-құлық ерекшеліктеріне жəәне 



қабілеттерге ие бола отырып сыныптарға келеді. Сынып өмірінің барлық осы сипаттарын 

есепке ала отырып, егер біз мұғалім түрлі мөлшердегі сыныптарда жəәне түрлі тəәсілдермен 

оқушыларды оқыту үшін артықшылықтарды табатындығын анықтайтыны ерекше жайт 

емес. Мұғалімдер мұны бастауыш жəәне орта мектептің түрлі мəәнмəәтіндеріндегі түрлі 

мөлшердегі сыныптарда қалай жүргізетінін анықтау үшін қосымша зерттеу жүргізу қажет.  

 

Зерттеу жобасы мен зерттеу 



жұмысында қойылған 

міндеттемелердегі жауаптарға 

сенімділік деңгейін бағалау  

Блэтчфорд пен оның əәріптестері өзінің CSPAR зерттеуінде маңызды серпіліс жасады, ол 

үшін көптеген маңызды факторлардың біреуі ретінде сыныпта орын алатын үдерістерге 

əәсер етуді зерттеу жобасын түзді. Алайда мұғалімдер мен оқушылардың қандай білім 

түрлерінің кіші жəәне үлкен сыныптардағы түрлі мəәнмəәтіндерде жоғарғы сапалы оқыту үшін 

мүмкіндіктерді мейлінше жүзеге асыруға əәсер ететінін толықтай түсініп, елестету үшін тағы 

да бір мейлінше күрделі сапалық талдау жобасы қажет. Мұнда сыныптың көлемін зерттеу 

сыныптық зерттеу дəәстүрінің танымалдығын ерекшелеуі мүмкін, өз кезегінде бұл жайт 

тиімді сыныптық үдерістер туралы біздің пікірімізді кеңейту құралы ретінде сыныптардағы 

оқушыларды оқыту тəәжірибесі мен пікіріне қол жеткізе отырып керемет табыстарға қол 

жеткізіп отыр (мəәсел., Cooper & McIntyre, 1996; Pollard, 1996; Rudduck et al., 1996; Pollard & 

Triggs, 2000; Rudduck & Flutter, 2000, 2004). Керісінше, сыныптың мөлшерін зерттеу негізгі 

ақпарат көзі ретіндегі оқушылардың пікірін назардан тыс қалдырды.  

 

Соңғы қорытынды хабарлама 



Олардың пікірлері мен олардың мұғалімдерінің пікірлерін пайдалану сыныптық оқу-

педагогикалық үдерістер мен нəәтижелерге сынып мөлшерінің əәсерін теориялық жəәне 

тəәжірибелік түсінуімізді жетілдіру мүмкіндігін береді.  

 

Дереккөз: Pedder (2006). 

 

Ендігі  ретте,  барлық  ойды  қағаз  бетіне  түсіре  отырып,  тексеру  үшін  қайта  оралмас  бұрын  шимай 



қағазды  бірнеше  күнге  қалдыра  тұру  қажет.  Жазу  –  тұрақты  жетілдіру  үдерісі  болып  табылады, 

сондықтан ол алатын уақытты орынды бағаламай қоюға болмайды. Кітапханаға барып, келесі талдау 

кезеңіне дайындалып жатқан кезде бұрынғы студенттердің жұмыстарының үлгілеріне шолу жасаңыз.  


Writing About Your  Research

607


Жасалған жұмысқа талдау жүргізу

Сіздің жұмысыңызды талдау ойлар деңгейінде эссені тексеруді қамтиды. Бұл жағдай 

эссені байланысты әрі нақты ету үшін оны ұйымдастыруды талдау есебінен мақала 

тұжырымдарын нақтылауды білдіреді. 

 

Питер Липтон осы талдау кезеңін келесі тәсілмен жақсы түсіндіріп берген: 



Өз эссеңіз жайында сипаттама жасау мен дәлелдеме келтіру кезеңдері туралы 

ойланыңыз. Сіздің әрбір қадамыңыз жеке параграфтан тұрады. Әдеттегідей, 

параграф ауыспалы сөйлемнен немесе кіріс сөйлемнен басталады. Ауыспалы сөйлем 

параграфтың алдыңғысынан қалай шығатынын көрсетеді; кіріспе сөйлем параграф не 

туралы болатынын хабарлайды. Сөйлемдердің екі түрі де шын мәнісінде кіші жоспар 

болып табылады. Параграфтың ортаңғы бөлігінде сіз басқа жоспарды ұсына аласыз, 

онда сіз өзіңіз жасаған қадамның сіз уақытқа дейін жасап қойған немесе жасайын деп 

жатқан қадаммен байланысын түсіндіріп өтесіз. Сіздің параграфтарыңыздың тәртібі 

өте маңызды. Оқырман оқу барысында даму мен өсу туралы нақты ойда болуы тиіс. 

Кейінгі параграфтар бұрын айтылған жайтқа құрылуы тиіс және оқырмандарда алға 

қарай жоспар бойынша жылжу сезімі қалыптасады. Ол үшін сіз өз сөйлемдеріңіздің 

бір-бірімен логикалық түрде байланысқанына көз жеткізуіңіз қажет. Желім туралы 

ойналып көріңіз. Желім жоспарларды, ауыспалы сөйлемдер мен сөздерде, әсіресе сіздің 

дәлелдемеңіздің логикасына негізделуі мүмкін. (Lipton, 2007)



Дәлелдемелер құрылымы

Академиялық эссе сенімдер айналасына құрылады және сіздің дәлелдемелер 

құрылымыңыз мұнда маңызды рөл атқарады. Оқырманды сендіру үшін, өз зерттеу 

жұмысыңызды неліктен қолға алғаныңызды түсіндіруіңіз, мәнмәтін келтіруіңіз, сонымен 

қатар өз деректеріңізді келтіруіңіз қажет, сондықтан анық айқындалған логикалық 

ойсыз нәтижелеріңізді тізіп көрсету қажет емес. 



Дәлелдеме құру

Оқырман сізбен бірдей деңгейде пәнді меңгерген деп айту қиын. Сіздің 

дәлелдемелеріңіз шынымен нақты ма? Оларды маман емес кісіге тексертіп көріңіз 

– басқаша айтқанда, сіз белгісіз жайтты белгілі етуіңіз қажет. Өзіңізді оқырманның 

орнына қойыңыз да, сіздің дәлелдемеңіздің негізді екендігіне сендіріңіз. 

Ұстанымыңызды мейлінше нақты келтіріңіз 

Қандай да бір мәлімдемеден бастаңыз. Осы арқылы мен сіздер таңдап отырған 

тақырыпта жасалған мәлімдемемен сіздің келісу немесе келіспеу қажеттігіңізді негізге 

алып отырмын, содан кейін өз дәлелдемеңізді растау үшін деректер келтіріңіз. Басқаша 

айтқанда, өз ұстанымыңызды белгілеп алып, өз ойыңызды деректермен келтіру қажет. 


Writing About Your  Research

608


 

Өзіңізден мынаны сұраудан бастаңыз: «Менің ұстанымым қандай?» Егер 

сіздің эссеңіздің негізгі ұстанымы болмаса, онда сіз ештеңені дәлелдей алмайсыз. 

Ұстанымның болуы сіздің эссеңіздің нәтижелер тізбегі болып қалуына жол бермейді. 

 

Мүмкін, сіздің эссеңізді бағалап отырған адам пән туралы сізден әлдеқайда 



көп білетін шығар. Сондықтан оларға белгілі жайттар туралы мәліметтерді беріп қана 

қоюға болмайды, оның орнына оларға сіздің осы мәселені толықтай түсінетініңізді 

көрсетіңіз. Өз эссеңізде бұл жайтты сіз жиналған материал мен оны өз мектебіңізде 

жағдайға қатысты қолдану арқылы жасай аласыз. 



Өз пікіріңізді деректермен нығайтыңыз 

Сізге өз көзқарасыңызды деректермен нығайту қажет, ол үшін сізге өз ойларыңызды 

тексеру үшін шынайы әрі жарамды мәліметтерді жинай алатыныңызды көрсету 

және сіздің мәлімдемелеріңіздің ұсынылған дәлелдемелермен расталатынын көрету 

қажет. Сіздің дәлелдемелеріңіздің күші – сіздің оларды қалай қолданатыныңызда, өз 

ұстанымыңызды бұзу мен оларды нығайтуыңызда болып отыр. Өз деректеріңізді 

қатып ұстаныңыз, алайда әрбір тарауда сіздің оқырманға әрбір жасалған мәлімдемеге 

қатысты дәлелдеме беріп отырғаныңызға көз жеткізіңіз. Эссеңіздің реттелген және 

нақты құрылымы маңызды болады, өйткені шатасқан оқырманның ойын өзгерте 

алмайсыз. 



Қарсы дәлелдеме қосыңыз 

Өз зерттеу жобаңыздың шектеулері мен сіз жасап отырған мәлімдемелердің 

жарамдылығына төнетін мүмкін қауіптерді ашық әрі шынайы сипаттап беріңіз. 

Өзіңіздің қарсы дәлелдемелеріңізді сынақтан өткізу үшін, сіз өз жетекшіңіз немесе 

әріптестеріңізден мәлімдемеңізге қарсы дау айтуды сұраңыз. 

Сіздің жұмысыңызды түзету

Ұйымдастырылуын түзету

Ұйымдастырылуын тексеруден бастаңыз да, анықтығы мен байланыстығын 

тексеріп шығыңыз. Егер сіздің хатыңыз сауатсыз немесе түсініксіз жазылған болса, 

онда оны оқу ыңғайсыз болады. Бұл жағдай сіздің өз тұжырымдамаларыңызды 

пайдаланбайтыныңызды және сілтемелерді көп пайдаланатыңызды білдіреді. Егер 

сіз басқа біреудің ойын пайдаланып отырған болсаңыз, оларды өз сөзіңізбен 

айтуға тырысыңыз. Сілтеме бере отырып, оны растап отырыңыз. Жұмыстың 

байланысушылығын тексеру үшін оны дауыстап оқып шығыңыз. 



Writing About Your  Research

609


Сіздің жұмысыңызды түзету

Жазу механикасын сұрыптау үшін жеткілікті уақыт қалдырыңыз, яғни дұрыс жазылуын, 

тыныс белгілердің дұрыс қойылуын, сөйлемдер мен сілтемелердің құрылымын тексеру 

үшін жеткілікті уақыт қажет. Сіз ұйымдастыру үшін көп уақыт жұмсадыңыз, сондықтан 

бұл кезеңде көп уақытты үнемдемеңіз, өйткені нашар ұсынылған зерттеу жұмысы 

жалпы жұмыс туралы пікіріңізді төмендетуі мүмкін. Жұмысыңызды тапсырмас бұрын 

11.3 тапсырмадағы бақылау тізімін пайдаланыңыз. 

11.3 тапсырма. Сіздің зерттеу жұмысыңызды таныстыруға қатысты 

сұрақтар 

Байланыстылығы

•  Негізгі дәлелдеме нақты әрі логикалық түрде келтірілген бе? 

•  Эссе  немесе  дипломдық  жұмыс  барысы  бойынша  сіздің  ойыңызды 

оқырман түсінуі үшін тақырыптар мен тақырыпшалары бар ма? 

•  Тараулардың мазмұны сіздің эссеңізбен байланысты ма? 

•  Жұмыс байланысты ма?

•  Сіздің дипломдық жұмысыңыз жайында реферат жалпы түсінік береді 

ме?


Ақпараттың айқындылығы

•  Сіз кестелер, суреттер мен графикалар сияқты мәліметтерді ұсыну құралдарын 

пайдаландыңыз ба? 

•  Барлық техникалық тұжырымдамаларды, жаңа терминдер мен мәнмәтіндік 

ерекшеліктерді түсіндірдіңіз бе? 

Мәліметтердің нақтылығы

•  Мәліметтер түсінікті тәртіпте келтіріліп, сіздің дәлелдемеңізді растау үшін 

тұжырымдар түсіндірілген бе? 

Форматы

•  Сіздің қолжазбаңыздың форматы сіздің курстық оқулығыңыз немесе журналыңызда 

ұсынылған мәнерге сәйкес келеді ме (мәсел., Harvard, APA)?

•  Жыныстық тұжырымдамалардан аулақ болдыңыз ба? 

•  Сіздің жұмысыңыздың байланысты әрі уақтылы болуына көмек беретін тиісті 


Writing About Your  Research

610


терминологияны пайдаландыңыз ба (мәсел., субъектілер емес, қатысушылар)?

•  Қысқартулар немесе акронимдер, жаргондар түсіндірілген бе және метафора көп 

қолданылмаған ба? 

•  Механика дұрыс пайдаланылған ба (мәсел., грамматика, тыныс белгілерін қою)? 



Дипломдық жұмысыңызды мақалаға айналдыру

Мүмкін, дипломдық жұмысты жазу барысында тағы да жазуды бастау туралы ойдан 

шошып кетуіңіз мүмкін. Бұл өткінші нәрсе! Сіздің жұмысыңыз маңызды және сізге 

оны мейлінше кең етіп тарату туралы ойланып көріңіз. Мұғалімдерге арналған кәсіби 

журналдағы жарияланымдар немесе академиялық журналдағы осындай жарияланымдар 

– сіздің ойыңызды жалпы халыққа жеткізудің жақсы бір тәсілі болып табылады. 

 

Қолжазбаның немесе журналға арналған мақаланың мазмұны, форматы мен 



ұзақтығы диссертациядан түбегейлі ерекшеленеді. Диссертация, әдетте, ¬– 100 

беттен асатын және 20 000 сөзден асатын ұзақ әрі мұқият жұмыс болып табылады. 

Стандартты мақала журналда екі есе аралықпен 15-25 бетті (4000-7000 сөзді) 

құрайды. Мақала – бұл диссертацияның қысқаша мазмұндамасы екенін есте сақтау 

маңызды. Сондықтан ең күрделі міндет байланысты мақаланы алу үшін қажетті 

тарауларды алып, оны қысқарту болады. Қауіп – сіздің дипломдық жұмысыңызда 

жазылғанның бәрін хабарлауға тырысу болып табылады. Ең дұрысы – бір бағытты 

немесе нәтижені таңдап алып, соған назар аудару болып табылады. 

 

Жұмысыңыз үшін сәйкес журналды таңдаудан бастаңыз. Пәндік қамту мен 



сіздің журналыңыздың мақсаты туралы оқып шығыңыз. Әдетте диссертация мен оның 

тарауларынан келесі типтегі мақалалар алынады (а) әдебиеттерге сыни талдау жасау; 

(б) әдістемелік жаңалықтар; (в) нақты нәтижелер немесе қорытындылар; (г) саясат, 

тәжірибе және/немесе зерттеу үшін салдарлар; және (д) зерттеу жүргізу тәжірибесі. 

Содан кейін редакторлардың ойынан шығу үшін осы журналдың басқа мақалаларын 

оқып шығыңыз. 

 

Сіздің университеттегі жетекшіңізбен бірге жасалған жұмыс – жақсы жөнелту 



нүктесі болып табылады, өйткені сіздің жұмысыңыз сәйкес келетін типтегі журналға 

мақаланы ұсыну (және қайта ұсыну!) тәжірибесі мол екендігі рас. Сіздің жетекшіңіз 

сіздің қосалқы авторыңыз болуы мүмкін. Мәселен, Джонатан Educational Studies 

журналына жазған мақаласында өзінің университеттегі жетекшісі Маркпен бірге 

жұмыс істеді, сондықтан Марктің аты да көрсетілген –11.2 Қорапшаны қараңыз. Бұл 

қорапшада тақырып пен мақаладан үзінді келтірілген. 



Writing About Your  Research

611


11.2 қорапша

Jonathan Galbraith & Mark Winterbottom (2011): Peertutoring: what’s in it 

for the tutor?, Educational Studies, 37(3): 321–32.

Өзара оқыту: тәлімгерлер үшін оның салдары

Рөлдер мен оқыту туралы әлеуметтік-құрылымдық ойлардың теорияларының 

негізінде  бұл  зерттеу  жұмысы  өзара  оқытудың  тәлімгерлерді  оқытуға 

әсерін зерттейді. Таңдалым сегіз апта бойы жаратылыстану ғылымдарынан 

тұратын  сыныптың  жиырма  бір  14-15  жастағы  оқушыларымен  жұмыс 

істейтін  биология  пәні  бойынша  он  16-17  жасар  тәлімгерлерді  қамтиды. 

Мәліметтер  онлайн-вики,  тәлімгермен  сұхбат  жүргізу,  тәлімгерлермен 

жұптық  талқылаулар  және  бейне  жазу  арқылы  жиналған.  Тәлімгерлердің 

өз  рөлдерін  қабылдауы  оларды  материалды  меңгеруге  жағдай  жасап, 

олардың  оқуына  талқылау  мен  түсіндірудің,  негіздемелерді  қайталаудың, 

концептуалды салалар арасында байланыстар орнату, тестілеу мен олардың 

түсінуін  анықтау,  сонымен  қатар  ойларды  қайта  ұйымдастыру  мен  ретке 

келтіру,  оларды  өңдеу  мен  олармен  жиі  жұмыс  жүргізу  болуы  мүмкін. 

Тәлімгер жауаптары ұзақ сұрақтарды пайдаланған кезде, оларды оқыту мен 

концептуалды  облыстар  арасындағы  байланыстар  туралы  дәлелдемелер 

белгіленген. 

 

Тәлімгерлікке  дайындалу  кезінде,  тәлімгерлер  негізгі  мезеттерге 



назар аударылуы және басқа көзқарасқа ие негізгі ойларға шолу жасай алады. 

Өзара  оқыту  кезеңдерін  ойша  қайталау  пәнді  өз  бетінше  білім  алудағы 

олқылықтарына көмек береді. 


Writing About Your  Research

612


Рефлексияға арналған сұрақтар

•  Сіздің  жұмысыңызды  бағалау  үшін  пайдаланылатын  критерийлерді 

түсінесіз бе?

•  Сіз келтіріп отырған барлық тұжырымдар сіздің дәлелдемеңізге қатысты 

ма? 

•  Сіз жасап отырған мәлімдемелер негізделген бе? 



•  Қорытындылар  жеткілікті  дәрежеде  терең  бе  және  идеяның 

маңыздылығын көрсетесіз бе? 

•  Мейлінше кең мәнмәтінде өз ойларын талқылау үшін өз зерттеуіңізге 

қатысты ойыңыз кең бе? 

•  Эссе немесе дипломдық жұмыс қарапайым түсінікті тілде жазылған ба 

және сіз өз сөзіңізді пайдаланғансыз ба? 

•  Сіз  ұсынылған  сілтемелер  жүйесін  пайдаландыңыз  ба  және  барлық 

сілтемелер қамтылғанына көз жеткіздіңіз бе? 

•  Ең  соңында,  өз  жұмысыңыздың  соңғы  оқылуын  орындау  үшін  досты 

немесе  серіктесті  тарта  ала  аласыз  ба?  Жұмыс  аяқталған  кезде, 

орфография мен тыныс белгілеріндегі болмашы қателіктерді белгілеуге 

жақындайсыз. 

•  Жалпы  ақпаратты  назардан  шығарып  алмаңыз,  сіз  маңызды  оқыту 

үдерісінен  өттіңіз,  одан  кейін  сіз  осы  ойларды  ауыстыру  өзінің  жеке 

түсінігін дамыту үшін қағаз бетіне қаншалықты түсіргенін бағалайсыз. 

Негізгі ойлар

Жазу  оңай  емес,  көптеген  адамдарға  бастау  қиын.  Жұмысты  кейінге 

қалдырмаңыз,  алайда  «таза  бет  синдромын»  бастау  мен  еңсеру  үшін 

стратегияны түзесіз. Кішкене кезеңдермен жазу оңайырақ, сондықтан оны 

орындау  барысында  өз  жұмысыңызды  сипаттаудан  бастаңыз.  Өзіңізбен 

бірге жазба кітапшасын ұстап жүріңіз. Егер сіз кішкене тұрақты кезеңдермен 

жазсаңыз,  бұл  сіздің  жұмысыңыздың  талаптарына  сәйкес  келеді  және 

соншалықты іш пыстыратындай болмайды. Әрбір жұмысты бастамас бұрын 

автор  айтуды  ұмытып  кеткен  бір  мезет  –  тапсыру  мерзімінің  алдында 

тікелей  осы  жұмыстан  қашқан  жөн.  Әрбір  жазушылық  жобада  кемінде 

үш кезең бар: ойларды қағазға түсіру; шектеу мен түзетулер; ең соңында, 

оқу мен елестету. Соңғы кезеңдерге жеткілікті уақыт қалдырыңыз. Сіздің 

дипломдық жұмысыңызға әкелетін айтарлықтай зерттеу жұмысы жүргізіледі, 

сондықтан  мұқият  түзету  ретінде  қарапайым  бір  заттың  жоқтығынан  ол 

туралы пікіріңіз төмендеп кетуіне қауіп төнбейді.


Writing About Your  Research

613


Қосымша оқу үшін 

BERA (2000) ‘Good practice in educational research writing’, www.bera.ac.uk/system files/

goodpr1.pdf/ (accessed August 2012).

Bowen, G. (2010) ‘From qualitative dissertation to quality articles: seven lessons learned’, 

The Qualitative Report 15(4): 864–879. Available at: http://www.nova.edu/ssss/QR/QR15-

4/bowen.pdf (accessed April 2012). 

Oliver, P. (2008) Writing Your Thesis (2nd edn). London: Sage. 


What Is Educational Action Research?

614


What Is Educational Action Research?

615


WHAT IS EDUC ATIONAL ACTION RESEARCH?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет