V АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
V аналитикалық топты Mg2+, Bi3+, Sb(III,V), Mn2+, Fe2+, Fe3+ катиондары құрайды. Бұл катиондар периодтық жүйеде әр түрлі топтарда, топшаларда орналасқан. Mg - IIA, Sb, Bi - VA, Mn – VIIB, Fe - VIIIB топшаларында орналасқан. Марганец пен темір иондарының сыртқы деңгейлері аяқталмаған, демек 18 электронға әлі жетпеген, бұлар d-элементтер. Химиялық реакциялар кезінде ауыспалы тотығу дәрежелер көрсетеді.
Сурьма мен висмут иондарында аяқталмаған 18-электрондық деңгейшелері бар. Бұлар амфотерлі иондар, бір-ақ сілті әсерінен тұнбаға түсетін болғандықтан және тотығу дәрежелері ауыспалы болуына байланысты V топқа қосылған. Магний - s-элемент, ион күйінде 8-электрондық деңгейі бар. Сілті әсерінен тұнбаға Mg(OH)2 түседі.
Магний, марганец, темір сұйытылған HCl, H2SO4 қышқылдар ерітіндісінен сутекті ығыстырып шығарады:
Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2↑
Mn + 2HCl = MnCl2 + H2↑
Сурьма мен висмут сұйытылған қышқылдарда ерімейді.
Магний оксиді және гидроксиді тек негіздік қасиет көрсетеді.
FeO мен Fe(OH)2 негіздік қасиет көрсетеді, сондықтан FeSO4, FeCl2 т.б. тұздарының гидролиздену процесстері баяу жүреді. Fe2(SO4)3 және Fe(OH)3 кейбір жағдайда амфотерлі қасиет көрсетеді, мысалы: NaFeO2, Ba(FeO2)2, Fe(FeO2)2, Fe3O4 түзеді.
Марганец түрлі оксидтер түзеді: MnO, Mn2O3, MnO3, Mn2O7. Бірінші екеуінің негіздік қасиеті басым, ал соңғы үшеуінің қышқылдық қасиеті жоғары.
Сурьма екі түрлі оксид түзеді: Sb2O3 және Sb2O5. Sb2O3- амфотерлі, Sb2O5- қышқылдық қасиет көрсетеді. Sb2O3 қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.
Sb2O3 + 2NaOH = 2NaSbO2 + H2O
Sb2O3 + 2HCl = 2SbCl2 + 3H2O
Sb2O5- қышқылдарда еріп, комплекс түзеді:
Sb2O5 + 12HCl = 2H[SbCl6] + 3H2O
Бұл топ катиондарының тұздары гидролизденеді, оның ішінде сурьма мен висмут тұздары ерекше орын алады:
Sb3+ + HOH = SbO+ + 2H+
Bi3+ + HOH = BiO+ + 2H+
SbO+ - антимонил ионы, BiO+ - висмутил ионы.
Магнийдің хлориді, бромиді, сульфаты, нитраты суда жақсы ериді. Суда ерімейтін түрлі қосылыстар түзеді: Mg(OH)2, MgCO3, MgNH4PO4•6H2O, MgNH4AsO4•6H2O, MgC2O4.
Темірдің сульфаттары, хлоридтері, нитраттары суда жақсы ериді. Ерімейтін қосылыстарының - сульфиттерінің, гидроксидтерінің маңызы зор.
Анализде жиі қолданылатын сурьма қосылыстары, сульфидтер және сурьма қышқылының күміс тұздары: Sb2S3, Sb2S5, AgSbO3, Ag3SbO4, NaH2SbO4.
Марганецтің хлориді, бромиді, йодиді, сульфаты, нитраты суда жақсы ериді. Ал сульфиді, карбонаты, оксалаты, фосфаты суда нашар ериді.
Висмуттың суда ерімейтін қосылыстарының ішінде Bi2S3, Bi(OH)3, BiPO4, (BiO)2Cr2O7, BiI3 анализде маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |