Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 1-2 тамшысына 2Н HCl ерітіндісінің 1 тамшысын қосып, Кипп аппаратынан күкіртті сутек жібереді. Тұнбаның түзілгенін байқайды.
2. Йод суының әсері.
Мышьяк (ІІІ) қышқылы тотықсыздандырғыш, сондықтан ол йод суын түссіздендіреді:
H3AsO3 + I2 + H2O = H3AsO4 + 2HI
AsO33- + I2 + H2O = AsO43- + 2I-
Йод суының түссізденгенін крахмал ерітіндісімен анықтауға болады.
Реакцияның орындалуы: Йод ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1 тамшы NaHCO3 және 1 тамшы крахмал ерітіндісін қосады да, осы ерітіндіге 1-2 тамшы арсенит ерітіндісін тамызады. Көк түсті ерітінді түссізденеді.
Мышьяк (\/) иондарының реакциясы.
1. H2S әсері
Мышьяк (\/) қышқылына HCl ортасында H2S жібергенде As (\/) үш валенттіге дейін тотықсызданады, содан соң сары түсті As2S3 тұнбаға түседі:
H3АsO4 + 5HCl = AsCl5 + 4H2O
2AsCl5 + 5H2S = As2S5 + 10HCl
As2S2 сілтілерде NH4OH, HNO3-те ериді, бірақ HCl-да ерімейді (SnS,Sb2S3 айырмашылығы):
As2S5 + 40HNO3 + 4H2O = 6H3AsO4 + 40NO + 15H2SO4
3As2S5 + 40NO3- + H2O = 6АsO43- + 40NO + 15SO42-
Сілтілік металдар сульфидтерімен және (NH4) 2S-пен әрекеттесіп, тиотұз түзеді:
As2S5 + 3(NH4) 2S = 2(NH4) 3AsS4
Бірақ тиотұздар тұрақсыз, HCl және H2SO4 ерітінділерінің әсерінен ыдырайды да, қайтадан сульфид тұнбаға түседі, бұл жағдай анализде пайдаланады.
2(NH4) 3AsS4 + 6HCl = As2S5↓ + 5H2S + 6NH4Cl
Достарыңызбен бөлісу: |