Аналитикалық химия



бет24/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Bi3+ катионының реакциялары.
1. Судың әсері (гидролиз)
Гидролиздену нәтижесінде висмуттың негіздік тұздары тұнбаға түседі:

BiCl3 + 2HOH = Bi(OH)2Cl↓ + 2HCl


Бұл тұнба ақ түсті, бірақ ол тұрақсыз, сондықтан ыдырайды:

Bi(OH)2Cl → BiOCl ↓ + H2O


Катионның ролін BiО+ (висмутил) орындайды.


Реакцияның орындалуы: Висмут (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 8-10 тамшы су қосып, тұнба түзілуін байқау.
2. NaOH, KOH, NH4OH әсері.
Сілті мен аммиак ерітінділері әсерінен висмут (III) ақ гидроксид түзеді:

BiCl3 + 3NaOH = Bi(OН)3 ↓ + 3NaCl


Bi3+ + 3OH- = Bi(OН)3

Висмут гидроксиді қышқылдарда ериді.


Реакцияның орындалуы: Висмут (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы NaOH, KOH, NH4OH ерітіндісін қосады.
3. Сілтілік ортада қалайы (II) хлориді әсері.
SnCl2 сілтілік ортада висмут (III) ионын дербес күйге дейін тотықсыздандырады. Алдымен SnCl2 ерітіндісінен натрий станнитін алады:

SnCl2 + 4NaOH = Na2SnO2 + 3NaCl + 2H2O


Sn2+ + 4OH- = SnO22- + 2H2O

Осы ерітіндіге висмут (III) тұзы ерітіндісін қосады, алдымен:


BiCl3 + 3NaOH = Bi(OН)3 ↓ + 3NaCl


Одан соң: 2Bi(OН)3 + 3Na2SnO2 = 2Bi↓ + 3Na2SnO3 + 3H2O


Bi(OН)3 + 3e- = Bi + 3OH- 2
SnO22- + 2OH- - 2e- = SnO32- + H2O 3

Реакция нәтижесінде қара түсті тұнба түзіледі. Реакция өте сезімтал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет