Аналитикалық химия


Надхром қышқылының түзілуі



бет18/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

6. Надхром қышқылының түзілуі.
Күкірт қышқылы ортасында хром иондарына сутек пероксидімен әсер еткенде көк түсті надхром қышқылы түзіледі:

2CrO42- + 2H+ = Cr2O72- + H2O


K2Cr2O7 + H2O + H2SO4 = 2H2CrO6 + K2SO4 + 3 H2O
Cr2O72- + 4H2O2 + 2H+ = H2CrO6 + H2O

Сулы ерітінділерде надхром қышқылы тұрақсыз, сондықтан оны органикалық қабатқа экстракциялайды. Реакция өте спецификалық, хромды бұл реакциямен барлық аналитикалық топ катиондарының қатысында анықтауға болады.


Реакция орындалуы: K2Cr2O7 ерітіндісінің 3-4 тамшысына 5 тамшы H2O2 және 0,5 мл амил спиртін қосып араластырады да, тамшылатып H2SO4 (1:4) ерітіндісін қосады. Cr2O72- иондары қатысында органикалық қабат көк түске боялады.


Мышьяк (ІІІ) ионының реакциялары
1. H2S әсері.
Мышьяк (ІІІ) иондары тұз қышқылының қатысында күкіртті сутекпен сары түсті сульфид түзеді:

2AsCl3 + 3H2S = As2S3↓ + 3H2O


Мышьяк (ІІІ) сульфиді сұйытылған HCl және H2SO4 -те ерімейді, бірақ жоғары температурада концентрлі HNO3-те ериді:


As2S3↓ + 28 HNO3 = H3AsO4 + 8H2O + 28NO2 + 3H2SO4


As2S3 сілтілерде, аммиак ерітіндісінде, (NH4)2CO3, (NH4)2S-те ериді. (NH4)2S –пен тиоарсенат түзеді:


As2S3↓ + 3(NH4)2S = 2(NH4)3AsS3


Тиотұздар тұрақсыз қосылыстар, олар 2Н H2SO4 немесе 2Н HCl әсерінен бұзылады да, As2S3 тұнбаға түседі. Жалпы тиотұздардың анализде маңызы зор, себебі тиотұздардың бұзылу реакциялары катиондарды ажырату үшін қолданады:


2(NH4)3AsS3 + 6HCl = As2S3↓ + 6NH4Cl + 8H2S


Сілтілер иен аммиак ерітінділерінде арсенит пен тиоарсенит түзіледі:


As2S3 + 6 NH4OH = (NH4)3AsS3 + (NH4)3AsO3 + 3 H2O


Аммиак ерітісінде тек As2S3 ериді (бұл SnS, SnS2, Sb2S3, Sb2S5 – тен айырмашылығы). Сонымен қатар As2S3 аммоний карбонатында да ериді (басқа сульфидтер ерімейді):


As2S3+6(NH4)2CO3+3H2O=2(NH4)3AsO3+3(NH4)3AsO3+6 NH4HСO3


H2O2 қатысында As2S3 және басқа да сульфидтер ериді, мысалы қалайы, сурьма сульфидтері де:


As2S3 + 12NH4OH + 14H2O2 = 2(NH4)3AsO4 + 3(NH4)24 + 20H2O




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет