Аналитикалық химия



бет26/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Реакцияның орындалуы: Сурьма (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына әлсіз қышқылдық ортада 2-3 тамшы Na2S2O3 ерітіндісін қосып, буландырғышта қыздырады.
4. Дербес металдармен тотықсыздандыру.
Кернеулік қатарда сурьмаға дейін орналасқан металдар оны бос күйге дейін тотықсыздандырады:

2H3[SbCl6] + 3Sn= 2Sb↓ + 3H2[SnCl4]


2H3[SbCl6] + 3Fe = 2Sb↓ + 3FeCl2 + 6HCl


Темір (II) катионының реакциялары.
1. NaOH, KOH әсері.
Сілтілер темір (II) иондарымен әрекеттескенде ақ түсті темір (II) гидроксиді түзіледі:
FeCl2 + 2KOH = Fe(OH)2 ↓+ 2KCl
Fe2+ + 2OH- = Fe(OH)2

Бірақ бұл тұнба ауада тез тотығады да, жасылдан қызыл-қоңыр түске дейін өзгереді:


3Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 3Fe(OH)3


Реакцияның орындалуы: Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша көлем сілті ерітіндісін қосады. Тотыққанын байқау.
2. NH4OH әсері.
Аммиак ерітіндісі әсерінен темір (II) иондары ақ тұнба түзеді:

FeSO4 + 2NH4OH = Fe(OH)2 ↓ + (NH4)2SO4


Fe2+ +2OH- = Fe(OH)2

Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді, тіпті ерітіндіге NH4OH ерітіндісін қосатын болса, онда тұнба мүлдем түзілмейді, себебі бұл ерітіндіде NH4OH түзілуіне рН жеткіліксіз. Реакция жүру үшін рН=12-13 болу керек. Аммоний тұздары тұнбаның түсіне кедергі жасайды.


Реакцияның орындалуы: Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы NH4OH ерітіндісін қосады.
3. K3[Fe(CN)6] әсері.
Темір (II) иондары калий гексациано(ІІІ)ферратымен “турнбулен көгі” атты көк түсті тұнба түзеді:

3FeSO4 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2↓ + 3K2SO4


3Fe2+ + 2[Fe(CN)6]3- = Fe3[Fe(CN)6]2

Реакция өте сезімтал. Түзілген тұнба тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілер әсерінен бұзылады:


Fe3[Fe(CN)6]2 + 6KOH = 2K3[Fe(CN)6] + 3Fe(OH)2






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет