Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар



бет13/48
Дата19.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#84403
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
Аналитикалық химия

Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
· Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
· Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;
Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар.

Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды,
мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тест формасы:
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар.
Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ — жауап түрінде тексеру.
Мұғалім тест тапсырмаларды тек оқушылардың білімін бақылауда ғана емес қолдана алады. Тест тапсырмалардың көмегімен оқу үрдісінде оқушылардың өз — өзін бақылауын ұйымдастыруға болады.Осындай тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейін анықтап, тақырып бойынша білімдерін өздігінен тексеруге және өз — өзін бақылауды жүзеге асыру әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:
К = N/n х 100%,
5 / 6
К – меңгеру пайызы,
N – дұрыс жауаптар саны,
n – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.
Оқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы алғанда тест: педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест — педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде, сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып: біріншіден — өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден — алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:
1. Тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.
2. Сөйлеу тілі тесті. Көбіне жағдаяттық тақыраптағы сұрақ — жауап тапсырмаларынан тұрады.
Ал тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады:
А) тест жүргізудің дайындық кезеңі;
Ә) тест өткізу кезеңі;
Б) тест тапсырмаларын қорытындылау, бағалау кезеңі.
Лингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарды қорытып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі. Оқу үрдісін, оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін еңгізу мәселелеріне
6 / 6
байланысты. Сондықтан да, қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде лингводидактикалық тест тапсырмалардың берілгені тиімді.Осы орайда, мен өз тәжірибемде, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен ойлау қабілеттерін тексеріп, бақылау үшін тестілеудің 4 түрін үнемі қолданамын. Олар:
1. Дұрыс таңдау немесе ашық тесті — бірнеше жауап нұсқаларымен беріледі, оқушы дұрыс жауабын көрсетуі қажет.
2. Баламалы (альтернативті) тест — негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә — жоқ, дұрыс — дұрыс емес) және қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді.
3. Толықтыру немесе тұйық тест – оқушы берілген сұрақты немесе сөйлемді өзі толықтыру қажет.
4. Сәйкестендіру тесті – бірнеше бір – біріне жақын жауаптар беріледі, оқушы жауаптары сәйкес нұсқаларды бағытпен көрсетуі қажет.
Бұл тест түрлерін әр сабақта үнемі ауыстырып қолданып отырса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет