Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Аналитикалық химия пәнін оқуда әр түрлі типтегі сабақтардың құрылымы



бет35/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
23. Аналитикалық химия пәнін оқуда әр түрлі типтегі сабақтардың құрылымы

Аналитикалық химия сабағы өтетін аудитория мен лабораторияларда орнатылған интербелсенді тақталардың жұмыс столында пән оқулықтарының электронды версиялары мен дайын электронды оқулықтар, виртуальды лабораториялар жинақталған. Бұл студенттер мен оқытушылардың сабақ барысында және өзіндік дайындық кезінде қолдануына мүмкіндік.

Аналитикалық химия пәнінен лабораториялық сабақ 2 кредит, мамандықтың мемлекеттік стандартына сәйкес аптасына 200 минут көлемінде жүргізіледі. Лабораториялық сабақ барысында заттардың және зат қоспаларының сапалық анализін жүргізу тәсілдері меңгеріледі. Зат қоспаларының ерітінділеріндегі құбылыстар мен реакция нәтижелерінің өнімдері анықталады. Әрекеттесуші массалар заңы негізінде гомогенді және гетерогенді жүйелер зерттеліп, катиондар мен аниондардың сапалық реакциялары жүргізіліп, белгісіз химиялық қоспалар құрамына талдау жасалады. Лабораториялық сабақтың семестрге бөлінген сағаты аз болғандықтан, студенттің өзіндік жұмысына көп көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Сабақтың тақырыбына сәйкес проблемалық сұрақтарды шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, шығармашылық ізденістер жүргізу сияқты студенттің өзіндік орындайтын жұмыстары барысында ақпараттық технология кеңінен қолданыс тауып отыр. Оқытушы да ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу процесіне қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар дайындайды. Ал лабораториялық сабақтың сарамандық жұмыстарын жасау барысында тәжірибе жүргізу дағдысы қалыптасады. Химия мамандығы студенттері үшін өзіндік жұмыстармен қатар эксперименттік жұмыстарды жүргізуге дайындық барысында, кейбір химиялық процестердің теориялық негізін түсіну үшін виртуальды лаборатория пайдалану тиімді. Өте дұрыс дайындалған немесе құрастырылған виртуальды лаборатория, қазіргі таңдағы заманауи талаптарға жауап бере алатын бірден-бір әдістемелік құрал болып саналады. Сондықтан, химия пәнінің оқытушысына виртуальды лаборатория дайындау технологиясын меңгеру және сабақ уақытында тиімді қолдану білім алушының қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, білім деңгейін көтереді.

Виртуальды лаборатория химиялық тәжірибелердің сипаттамасын, жүргізу жағдайларын, реактивтерді дұрыс таңдауы негізінде үшөлшемді графика мен Macromedia Flash Player бағдарламаларын қолдану арқылы дайындалып, алғаш рет “Білім-ғылым-студент: жаңашылдық, ізденіс” атты студенттердің ІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясының Химия секциясында ұсынылды. Мысалы, Аргентометрия әдісінен виртуалды лаборатория үлгісі жасалып, жұмыс жүргізудің дұрыс және бұрыс нұсқасы енгізілді. Хлорид иондарының күміс иондарымен әрекеттесу нәтижесінде күміс хлоридінің ерімейтін тұнбасының пайда болуына, индикатор ретінде калий хроматының қолданылуына, ерітіндінің сары түсі қызғылт сарыға ауысуына қарама-қарсы нұсқалары келтірілді. Ізденуші виртуальды лабораториямен жұмыс істеу барысында дұрыс нұсқаны табуына және үйренуіне мүмкіндік алады

Химия пәнінен виртуальды лабораторияны қолдану арқылы:

- оқу материалын түсінікті де қызықты етіп көрсетуге болады;

- химиялық процестерді түрлі динамикалық суреттермен жан-жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;

- химиялық эксперименттерді көрсетуге болады

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдарды қолдана отырып дидактикалық, презентациялық материалдар мен электронды оқу құралдарын жасауды үйретіп, әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді

Химия пәнін оқытуда химиялық элементтердің аттарын, химиялық қосылыстардың құрылымдық формулаларын, заттардың бір-бірімен әрекеттесу реакцияларын және химиялық қасиеттерін оқып, үйрену мен тарсырманы орындау, оның нәтижелілігін жоғарылатуға ұмтылуы білім алушының жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, аналитикалық химия пәніне деген қызығушылын арттырып, білім деңгейін жоғарылатуға, болашақ педагог ретінде оқыту әдістемесін меңгеруге ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет