Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Аналитикалық химиядан мультимедиялық сабақтарды өткізу жоспарын талдау



бет37/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
25. Аналитикалық химиядан мультимедиялық сабақтарды өткізу жоспарын талдау.

Инновациялық технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium – жинақ дегенді білдіреді яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:

- студенттің жеке тұлғасын дайындау;

- ойлау қабілетін жетілдіру;

- эстетикалық тәрбие;

- нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;

- пәнаралық байланыстарды тереңдету.

Мультимедиялық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрліқұбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мәдениетін, ойын жүйелеу білу мен өзіндік көз-қарастың және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру - студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады.



Мультимедиялық презентация – заманауи мультимедиялық мүмкіндіктер іске қосылған компьютерде арнайы бағдарлама көмегімен орындалған презентация: ол кесте мен анимацияны, мәтіндер мен кестелерді, фотосуреттерді, бейне және аудиоматериалдарды қамтиды.

 Презентациялар оқушыларға арналған кабинетте үлкен экранда көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар жеке жұмысқа арналған көмекші оқу материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Әсіресе, сабақ кезінде оқушылардың өздері жасаған презентациялар, сабақтар басқа пәндер бойынша өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет