2-қадам. Зақымдалған ағзаның қанмен қамтамасыз етілуін көрсетіңіз. Артериялары (сызба түрінде):
a.pancreatoduodenalis superior ¬ a.gastroduodenalis-тың тармағы ¬ ол a.hepatica communis тармағы ¬ truncus coeliacus ¬ pars abdominalis aortae-дан басталады;
a.pancreatoduodenalis inferior ¬ a.mesenterica superior-дың тармағы ¬ pars abdominalis aortae-дан шығады.
Билет №6. Науқас М 34 жаста, учаскелік дәрігерге өзін нашар сезіну, тәбеттің төмендеуі, дененің ауырсынуы, орташа температура және қара түсті зәр шығару туралы шағымдармен жүгінді.Науқастың шағымдарын ескере отырып, дәрігер клиникалық және зертханалық тексерулерді тағайындады.
Науқаста көрсетілген белгілер қай органға әсер еткенде (немесе қандай патология) пайда болады?
1-қадам. Бауырдың сыртқы құрылысын айтып беріңіз.
Бауырдың екі үлесі болады, олар жоғарғы көкеттік бетінде орақтәрізді байламмен ( lig. falciforme ) бөлінген:
солжақ үлес ( lobus hepatis sinister );
оңжақ үлес ( lobus hepatis dexter ) және оның висцералдық бетіндегі құрылымдар: бауырдың меншікті оңжақ бөлігі ( lobus hepatis dexter propria ); шаршы бөлігі ( lobus quadratus ), құйрықты бөлігі ( lobus caudatus ) және оның емізіктік өсіндісі ( processus papillaris ), құйрықтық өсінді ( processus caudatus ).
Екі беті ажыратылады:
көкеттік ( facies diaphragmatica );
висцералық ( facies visceralis ).
Екі жиегі бар:
төменгі ( margo inferior ) –үшкірлеу келеді;
артқы ( margo posterior ) – жалпақтау.
Бауырдың висцералық бетінде орналасатын жүлгелер болады: оңжақ және солжақ бойлық жүлгелер ( sulcus longitudinalis dexter et sulcus longitudinalis sinister ) және көлденең жүлге ( sulcus transversus ):
а) солжақ бойлық жүлгенің ( sulcus longitudinalis sinister -дың):
алдыңғы бөлімінде – бауырдың жұмыр байламы ( lig. teres hepatis ) орналасады ( ig. teres hepatis – ұрықтық даму кезеңдегі кіндік венасының, v. umbilicalis -тың қалдығы, яғни бала туылғаннан кейін кіндік байланады да, v. umbilicalis кейіннен байламға айналады);
артқы бөлімінде – веналық байлам ( lig. venosum ) орналасқан ( lig. venosum – ұрықтық даму кезеңдегі v. umbilicalis -тың төменгі қуыс венамен қосылатын тармағы – веналық (Аранциев) түтіктің, ductus venosus -тың , калдығы, яғни бала туылғаннан соң ductus venosus 6-7 күнде жабылып веналық байламға айналады).
б) оңжақ бойлық жүлгеде жататын құрылымдар:
алдыңғы бөлімінде – өт қапшығы ( vesica fellea );
артқы бөлімінде – төменгі қуыс вена ( vena cava inferior ) орналасқан.
в) көлденең жүлге және ондағы орналасатын қантамырлар, нервтер және өт жолдары – бауыр қақпасы ( porta hepatis ) деп аталады:
бауыр қақпасына кіретін құрылымдар: қақпа венасы ( v. portae ), бауырдың меншікті артериясы ( a. hepatica propria ) және нервтер;
шығатындар: бауырдың жалпы түтігі ( ductus hepaticus communis ) және лимфа тамырлары;
бауыр қақпасында, сонымен қатар, шелмай, лимфа түйіндер және дәнекер тін талшықтары ораласады.