Анатомия 1-билет


-қадам. Зақымдалған ағзаның жалғамаларын торстан көрсетіңіз



бет7/11
Дата01.10.2024
өлшемі1,86 Mb.
#146309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анатомия ЖКТ ОСПЭ 2024

2-қадам. Зақымдалған ағзаның жалғамаларын торстан көрсетіңіз.
Бауыр байламдары ( 62-сурет) :
а) көкеттік бетінде:

  • бауырдың орақтәрізді байламы ( lig. falciforme hepatis );

  • бауырдың тәждік байламы: оңжақ және солжақ ( lig. coronarium hepatis dextrum et sinistrum );

  • үшбұрышты байламы: оңжақ және солжақ ( ligg. triangularia dextrum et sinistrum );

б) висцералық бетінде:

  • бауырдың жұмыр байламы ( lig. teres hepatis );

  • веналық байламы ( lig. venosum );

в) бауырдан көрші ағзаларға өтетін байламдар:

  • бауыр-бүйрек байламы ( lig. hepatorenale );

  • бауыр-асқазан байламы ( lig. hepatogastricum );

  • бауыр-он екі елі ішек байламы ( lig. hepatoduodenale ).




Билет №7.
Проктитпен ауыратын егде жастағы адамда жартылай түзілген нәжістің тұрақты ағуы, сондай-ақ қалыптасқан нәжістің күніне 1-2 рет төсекке немесе киімге өтуі болады.
Науқаста көрсетілген белгілер қай органға әсер еткенде (немесе қандай патология) пайда болады?


1-қадам. Жуан ішектің ерекшеліктерін айтып беріңіз.
1) таспалар ( taeniae) – тек үш жерде орналасатын ұзынабойлық бұлшықетті талшықтардың қалыңданған жері (ескеретін жағдай, таспалар аралығында ұзына бойлық бұлшықет талшықтарының болмайтындығы және үш таспаның да құрттәрізді өсіндінің негізіне келіп тоғысатындығы, яғни операция кезінде осы таспалар бойымен жүріп өсіндіні оңай табуға болады):

2) қампаймалар ( haustrae) - ішектің сыртқа қарай томпайып кеңейген жерлері haustrae-ның түзілуі  – таспалардың, яғни ұзына бойлық бұлшықет талшықтарының ұзындығы тоқ ішектің ұзындығынан қысқа, сол себепті іркілістер (кеңеюлер) пайда болып қампаймалар түзілетіндігін білген жөн.
3) шарбылық өсінділер ( appendices epiploicae) – ішектің ішастарлық (сірнелі) қабығының астында әр жерлерде жинақталған шелмай тіндерінен тұратын сырға тәрізді өсінділер.
4) тоқ ішек – сұр түсті, ал жіңішке ішек – күлгін қызыл түсті (қан тамырларға бай болғандықтан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет