2-қадам. Зақымдалған ағзамен қандай ағзалар жанасатынын көрсетіңіз (синтопиясы
Асқазанның синтопиясы (41-сурет) :
алдыңғы беті: бауырға, диафрагмаға жанасады және іштің алдыңғы қабырғасына жанасатын бос беті ( facies libera) болады (асқазан бос кезде facies libera-ға көлденең жиекті ішек жанасатынын ескерген жөн);
артқы беті: көк бауырмен, ұйқы безімен, солжақ бүйрекпен, бүйрекүсті безімен, аортамен, төменгі қуыс венамен жанасады; асқазанның үлкен иініне тоқ ішек сәйкес келеді;
Асқазанның көршілес ағзалармен жанасып орналасуы (Schultze бойынша синтопиясы). А — асқазанның алдыңғы қабырғасы: 1 — facies hepatica; 2 — facies diaphragmatica; 3 — facies libera; Б — асқазанның артқы қабырғасы: 1 — facies lienalis; 2 — facies suprarenalis; 3 — facies renalis; 4 — facies pancreatica; 5 — facies colica
2-билет
Хирургиялық бөлімге науқас ішектің қозғалысы кезінде анус аймағындағы ауырсыну, анустан қанның шығуына туралы шағымдармен түсті.
Бұл науқаста қандай орган зардап шегеді?
1-қадам. Зақымдалған ағзаның құрылысын және оның ішастарға қатынасын айтып беріңіз.
Тік ішектің макроскопиялық құрылысы:
тік ішектің жалпы ұзындығы 13-16 см аралығында болады.
1) Үш бөлігі ажыратылады:
жамбас ( pars pelvina) немесе ампула үсті ( pars supraampullaris);
ампула ( ampulla recti) – кеңейген жері, диаметрі 8-16 cм;
анус (артқы өтіс) каналы ( canalis analis), анус (көтен, айналшық) тесігімен ( anus) аяқталады; canalis analis ұзындығы 2,5-3 см.
Ескеретін жағдай, клиникада тік ішекті бес бөлікке бөледі: ампула үсті (немесе тікішек-сигма бөлігі), жоғарғыампулалық, ортаңғыампулалық, төменгіампулалық және шатаралықтық.
2) Екі иілімі бар:
сегізкөздік иілім ( flexura sacralis), сегізкөздің алдыңғы ойыстанған бетіне сәйкес жатады, яғни иілімнің дөңес жағы артқа қараған;
шатаралықтық иілім ( flexura perinealis), иілімнің дөңес жағы құйымшаққа сәйкес алдыға қарайды.
Микроскопиялық құрылысы:
1) сілемейлі қабық ( tunica mucosa):
жартыай тәрізді қатпарлары ( pliacae semilunares recti) болады немесе олар көлденең және қиғаштау жатқандықтан көлденең қатпарлар ( plicae transversales recti) деп те атайды, олар негізінен – ампула үсті және ампула аймағында орналасады; ал анус (артқы өтіс) каналында – ұзына бойлық қатпарлар болады, олар – анус (артқы өтіс) бағаналары ( columnae anales);
ампула мен анус каналының шекарасында сілемейлі қабықтың кішкене білікшесі түзіледі, оны тікішек-артқы өтіс сызығы ( linea anorectalis) деп атайды;
анус бағаналарының ( columnae anales-тың) төменгі шеттерінің арасын қосып жатқан көлденең бағытта орналасқан қатпарлар болады; бұл қатпарлар – анус (артқы өтіс) жапқыштарын ( valvulae anales) немесе көтенішек қақпақшасын (Моргани қақпақшасын) құрайды және қақпашалар жақын орналасатын бағаналармен бірге анус (айналшық) қойнауларын ( sinus anales) түзеді;
анус жапқыштарынан ( valvulae anales-тен) төмен – дөңгелек білікше, артқы өтіс қыры ( pectеn analis) орналасқан; аталған білікше артқы өтістің ішкі сфинктерінің шығыңқы жатқан дөңес бөлімімен түзіледі;
тік ішектің ампула үсті бөлімінің және ампуланың сімейлі қабығы бірқатарлы призмалы эпителиймен ( ішектік түрімен) тысталған; m. sphincter ani internus-тың төменгі жиегі, яғни артқы өтіс-терілік сызық ( linea anocutanea) деңгейінде, призмалы эпителий көпқабатты жалпақ эпителийге (терілік түріне) ауысады;
linea anocutanea-дан төменде жұқарған терінің ақ түсті жолағы – ақ сызық (linea alba) орналасқан;
ақ сызық аймағының терісінде қатпарлар, май және тері бездері мен түктер (жүн) болмайды;
сілемейасты негізі ( tela submucosa) жақсы жетілген; анус (артқы өтіс) каналы ( canalis analis) аймағындағы tela submucosa-да геморроидалық веналық өрім ( plexus venosus haemorrhoidalis) орналасқан; геморрой кезінде аталған өрімнің веналары қанға толып веналар кеңейеді және геморроидалық түйіндер түзіледі, осы түйіндер жарылып қан кетуі болатындығын ескерген жөн.
2) бұлшықет қабығы ( tunica muscularis):
* ішкі қабаты – дөңгелек бағытта, циркулярлы орналасады ( stratum circulare) және canalis analis аймағында жуанданып артқы өтістің ішкі (қысқышын) сфинктерін ( m. sphincter ani internus) түзеді; ал артқы өтістің сыртқы (қысқышын) сфинктері ( m. sphincter ani externus) – шат(бұт) аралықтың көлденең жолақты бұлшықетімен түзіледі (біздің еркімізбен жиырылатын бұлшықет).
сыртқы қабаты – бойлық талшықтардан тұрады ( stratum longitudinalе).
3) сірнелі және адвентиция қабығы – сыртқы қабық:
ішастарға қатысты орналасуы: тік ішектің жоғарғы бөлімі интраперитонеалді орналасқан және шажырқайы ( mesorectum) болады; ортаңғы бөлімі мезоперитонеалді орналасады, ал төменгі бөлімі негізінде адвентициямен жабылған, бірақ кейде тек алдынан ішастармен жабылып экстраперитонеалді жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |