1-қадам. Ұйқы безінің құрылысын сипаттаңыз Ұйқыбез ( pancreas) – асқорыту жолындағы көлемі жағынан екінші аралас секретті без. Ересек адамдарда ұзындығы 14-18 см, көлденеңі 3-9 см, қалыңдығы 3-9 см, салмағы 80 г, түсі – бозғылт қызыл.
1) Бөлімдері:
Басы ( caput pancreatis) ілмектәрізді өсіндісімен ( processus uncinatus);
Денесі ( corpus pancreatis);
Құйрығы ( cauda pancreatis).
2) Беттері:
Артқы беті ( facies posterior);
Алдыңғы беті ( facies anterior);
Төменгі беті ( facies inferior).
3) Жиектері:
Жоғарғы ( margo superior) ( шарбылық төмпе, tuber omentale, түзеді);
Алдыңғы ( margo anterior);
Төменгі ( margo inferior).
Ұйқыбездің микроскопиялық құрылысы: Ұйқыбезінде экзокриндік және эндокриндік бөлімдерін ажыратады
А) Экзокриндік бөлімі – күрделі альвеолярлы-түтікті без және панкретикалық сөл бөледі (78-сурет).
Экзокриндік бөлімнің құрлымдық-қызметтік бірлігі –ацинус:
ацинус – қан капиллярларымен қоршалған сөл бөлетін клеткалардан және сөл өткізетін түтіктен тұратын құрылым;
ұйқыбез бөлікшесі – бөлікше аралық түтікке ашылатын ацинустар жиынтығы;
ұйқыбез бөлікшесінен басталатын түтікшелерді шығарушы түтік ( ductus excretorius) деп атайды, олар ұйқы без түтігіне ( ductus pancreaticus-қа) ашылады;
ұйқы без түтігі ( ductus pancreaticus) ұйқыбезінің барлық бөлімі арқылы жүреді;
ductus pancreaticus ең соңында жалпы өт түтігімен қосылып бауыр - ұйқыбез ампулласын ( ampulla hepatopancreatica) түзеді және он екі елі ішектің төмендемелі бөлігінің медиалді қабырғасына өтіп, дуоденумның үлкен бүртігіне ашылады.
сирек жағдайда ұйқыбез түтігі он екі елі ішектің төмендемелі бөлігіне жеке ашылуы мүмкін.
Б) Эндокриндік бөлімі – Лангерганс-Соболев аралшықтарынан тұрады, олар негізінен ұйқебездің құйрық бөлімінде орналасады.
Лангерганс-Соболев аралшықтары гормондар өндіретін клеткалардан тұрады: