Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


Брахиморфты дене тұрпаты адамдардың бойы онша биік емес, тұлғасы жалпақ, жүрегі едәуір  үлкен болады.  Долихоморфты



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Брахиморфты дене тұрпаты адамдардың бойы онша биік емес, тұлғасы жалпақ, жүрегі едәуір 
үлкен болады. 
Долихоморфты дене тұрпаты адамдар сұңғақ бойлы, сымбатты, қол-аяқтары ұзын, бұлшық 
еттері онша толық емес. 
Анатомия ғылымының белгілі бағыттар бойынша сызықтар арқылы бірнеше жазықтықтарға 
бөледі. Сагитальды жазықтық адам денесін оңнан солға қарай бөледі. Фронтальды жазықтық – адам 
денесін сагитальды жазықтыққа перпендикуляр сызық бойынша алдынан артына қарай, яғни құрсақ 
пен арқаны бөліп көрсетеді. Келесі горизонтальды жазықтық алғашқы екі жазықтықты көлдененңінен 
бөлетін сызықтар арқылы жүргізіледі. Горизонтальды жазықтық бойынша дененің жоғарғы бөлігі – 
краниальды (бас жағы), ал төменгі бөлігі – каудальды (құйрық жағы) деп аталады. Фронтальды 
жазықтық бойынша адам денесінің құрсақ тұсы (вентральды), ал адам денесінің арқа тұсы 
(дорсальды) деп аталады. Сонымен қатар, анатомияда латеральды (сыртқы), медиальды (ішкі), 
проксимальды (тұлғаға жақын бөлігі) және дистальды (тұлғадан алшақ бөлігі) деген ұғымдар жиі 
қолданылады. 
 
4.Дәріс. Тірек-қимыл аппараты. Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Сүйектің құрылысы, 
химиялық құрамы. Сүйектердің байланыс түрлері 
 
Тірек-қимыл аппаратына адам қаңқасы мен бұлшық еттер жатады. Адам қаңқасы сүйектер мен 
олардың байланыстарынан тұрады. Адам қаңқасы-біліктік қаңқадан (бассүйек, омыртқа жотасы, 
кеуде торы) және қол-аяқ сүйектерінен тұрады. Ересек адамның қаңқасында 206 сүйек бар. 
Сүйектің құрамының орташа 33 пайызы органикалық заттардан және 67 пайызы 
бейорганикалық заттардан (кальций, фосфор т.б.) тұрады. Сүйек ұлпасының клеткалары – 
остеобластар, остеоциттер, остеокластар деп аталады. 
Кез келген сүйек (оs) өз алдына жеке мүше болып саналады. Сүйектің сырты сүйек қабығымен 
қапталған. Оның ішкі қабатындағы клеткалардың бөліну есебінен сүйек жуандап өседі. Сүйектің 
құрылымдық бірлігі – остеон деп аталады. Ол бірінің сыртын бірі қоршап жатқан 5-20 цилиндр 
тақташалардан тұрады. 
Сүйектердің пішініне сәйкес түтік пішінді, ұзын және қысқа сүйектер, жалпақ және ішінде 
ауасы бар қуысты сүйектер т.б. деп бөлінеді. 
Бассүйек ми сауыты және бет бөлімі деп екіге бөлінеді. Ми сауытын жұп самай, жұп төбе және 
сыңар маңдай, шүйде, қанат тәрізді, кеуілжір сүйектері құрайды. Бет бөлімінде де бірнеше жұп 
(мұрын, жас, бет, үстіңгі жақ, таңдай) және бірнеше сыңар сүйектер (астыңғы жақ, кеңсірік , тіласты) 
бар. 



Тұлға қаңқасына – омыртқа жотасы мен кеуде торы жатады. Омыртқа жотасы 5 бөлімге 
бөлінеді: мойын (7), арқа (12), бел (5), сегізкөз (тұтасып кеткен 5 сүйек), құйымшақ (тұтасып кеткен, 
әрі қалдық 3-4 сүйек) деп аталады. Омыртқа жотасының алға қарай шығыңқы бөлімі – лордоз 
(мойын, бел), оның артқа қарай шығыңқы бөлімі – кифоз (арқа, сегізкөз) деп аталады және мұндай 
иілімдер адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан қалыпты белгілер. Ал, омыртқа жотасының 
бір бүйіріне қарай иілуін – сколиоз деп атайды. Бұл қалыпты жағдайдан ауытқу белгі болып 
саналады.Әрбір жеке омыртқаның денесін және доғасын ажыратады. Әрбір жеке омыртқаның 7 
қанаты бар (жұп бүйір, жұп жоғары буындық, жұп төменгі буындық және сыңар арқа). 
Омыртқа жотасының әрбір бөлімінің де өзіне тән белгілері бар. 
Кеуде торын – 12 жұп қабырғалар мен сыңар төс сүйегі құрайды. 
Қол мен аяқ сүйектері бір-бірімен буындар арқылы байланысқан 3 бөлімнен тұрады. Қолдың 
қары (тоқпан жілік), білек сүйектері (шынтақ сүйегі, кәрі жілік) және қол басы (білезік, алақан, саусақ 
сүйектері). Аяқ сүйектері сан (ортан жілік), сирақ сүйектері (асықты жілік, шыбық сүйек) және табан 
(толарсақ, үзеңгілік және башпай сүйектері) деп бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет