Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


14 
Зәр-жыныстық аппарат. Зәр шығару мүшелерінің және жыныс мүшелерінің құрылысы 
 
1. Бүйректің құрылысы
2. Несепағардық құрылысы 
3. Қуықтың құырылысы 
4. Аналық жыныс мүшелерінің құрылысы 
5. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы 
Зәр-жыныстық аппараттың құрамына шығу тегі және орналасу орны ұқсас зәр шығару және 
жыныс жүйелері біріктірілген. 
Зәр шығару жүйесіне – жұп бүйрек, жұп несепағар, сыңар қуық және сыңар зәр шығару өзегі 
жатады. 
Бүйрек (ren) – пішіні асбұршақ тәрізді жұп мүше. Бүйректің тігінен ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 
см, қалыңдығы 4 см-дей, салмағы (екі бүйректің) 250-300 г. Бүйрек құрсақ қуысында I және II бел 
омыртқасының тұсында орналасқан. Екі бүйректің бір-біріне қараған ішкі жиегі ойыс болып келеді
оны бүйрек қақпасы деп атайды. Бүйректің сырты жұқа фиброзды капсуламен қапталған. 
Бүйректің фронтальды жазықтық бойынша кесіндісінде сырты ақшыл түсті – қыртысты және 
ішкі қоңырқай түсті - милы затын ажыратады. 
Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігін нефрон деп атайды. Нефрон бүйрек 
денешігінен және түтікті иір өзекшелерден құралады. Бүйрек денешігін мальпиги капилляр шумағы 
құрайды. Мальпиги капилляр шумағындағы қанның құрамынан зәр заттары сүзіледі. Бүйректе 
артерия қантамырлары екі рет капилляр шумақтарын түзеді. Бүйректе зәр заттары сүзілуімен бірге, 
ол ішкі секреция безінің де қызметін атқарады. 
Несепағар (ureter) - ұзындығы 25-30 см болатын цилиндр пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. 
Оның қабырғасын құрайтын сыртқы бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, ішкі қабаты ұзына бойы 
орналасады. Несепағар бүрек пен қуықты байланыстырып тұратын жұп мүше. 
Қуық (vesicа urinaria) – қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұратын іші қуысты 
сыңар мүше. Қуықта зәр заты уақытша сақталады. Ондағы бұлшықет талшықтарының сыртқы және 
ішкі қабаттары ұзына бойы, ал ортаңғы қабаты сақина тәрізді орналасқан. Қуық кіші жамбас 
қуысында жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет