Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

Зәр шығару өзегі (uretra) - әйелдерде ұзындығы 3-6 см қысқа түтік пішінді сыңар мүше. 
Ондағы бұлшықет талшықтарының сыртқы қабаты сақина тәрізді, ал ішкі қабаты ұзына бойы 
орналасқан. 
Жыныс мүшелері (organa genitali) – аталық және аналық жыныс мүшелері деп бөлінеді. 
Жыныс мүшелерінің орналасу ерекшеліктеріне сәйкес сыртқы және ішкі жыныс мүшелері деп те 
бөлінеді. 
Аталық жыныс мүшелеріне - жұп аталық без, тұқым әкетуші өзектері, тұқым көпіршіктері, 
қуық асты безі және т.б. жатады. 
Аналық жыныс мүшелеріне жұп аналық без, жұп жұмыртқа жолы, сыңар жатыр, сыңар қынап 
жатады. 
Эндокриндік аппарат. Ішкі секреция бездерінің құрылысы
Эндокриндік бездер адам денесінің әр жерінде орналасқанымен олардың құрылысы мен 
атқаратын қызметі бір-біріне ұқсас, әрі бір-біріне тәуелді. Эндокриндік бездерді зерттейтін ғылым 
саласы – эндокринология (грекше “endon” “krino” – бөліп шығарамын) деп аталады. Ішкі секреция 
бездерінің өзектері болмайды және олардың бөлетін сұйықтығы гормон деп аталады. Олар бірден, 
қанға, лимфаға бөлінеді. Гормон грекше “hormao” – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін деген 
ұғымды білдіреді. Гормондар арқылы организмдегі барлық мүшелер қызметінің реттелуін 
гуморальдық реттелу деп атайды. Гормондар ішкі ортаның тұрақтылығын, зат алмасу процестерін, 
өсу, даму көбеюді де реттеуге әсерін тигізеді. 
Ішкі секреция бездерін гипофиздің алдыңғы бөлігіне тәуелді және оған тәуелсіз бездер деп екі 
топқа бөледі. Гипофиздің алдыңғы бөлігіне тәуелді бездерге – қалқанша без, бүйрек үсті безінің 
қыртысты заты, жыныс бездері жатады. 
Гипофиздің алдыңғы бөліміне тәуелсіз бездерге – бүйрек үсті безінің милы заты, қалқанша 
маңы бездері, ұйқы безінің Лангерганс аралшығы т.б. бездер жатады. 
Гормондардың химиялық құрамына сәйкес стероидты, гликопротеидті және аминқышқылды 
деп бөлінеді. 


15 
Гипофиз – көптеген ішкі секреция бездерінің қызметін реттеп отыратын ең басты ішкі секреция 
безі болып саналады. Оның алдыңғы және артқы бөлігін ажыратады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі – 
аденогипофиз, артқы бөлігін – нейрогипофиз деп атайды. 
Қалқанша без – көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан, адам денесіндегі ең ірі ішкі 
секреция безі. Ол екі бөліктен тұрады, салмағы 20-30г. Бұл без бөлетін гормондардың құрамында йод 
мол болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет