Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны


Шеткі жүйке жүйесі. Вегетативті (автономиялы) жүйке жүйесі



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
 
Шеткі жүйке жүйесі. Вегетативті (автономиялы) жүйке жүйесі. 
Жоспары: 
1. Жұлын жүйкелері 
2. Мидан тарайтын жүйкелер 
3. Вегетативтік жүйке жүйесі. Оның бөлімдерінің құрылысы
Жұлын жүйкелері. Адамда жұлыннан 31 жұп жүйкелер тарайды (мойын тұсынан- 8 
жұп, арқа тұсынан – 12 жұп, бел тұсынан – 5 жұп, сегізкөз тұсынан – 5 жұп, құймышақ 
тұсынан – 1 жұп). 
Жұлын жүйкелері аралас жүйкелерге жатады, өйткені олардың құрамында әрі сезгіш
әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері негізінен қаңқаның 
бұлшықеттеріне таралады.
Жұлын жүйкелері мойыниықбел және сегізкөз өрімдерін құрайды. Мойын өрімінен 
таралған жүйкелер мойын тұсындағы қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Иық өрімінен 
басталатын жүйкелер қолдың бұлшықеттеріне таралады. Бел тұсындағы жұлын жүйкелері 
бел тұсындағы бұлшықеттерге таралады. Ал, сегізкөз өрімінен басталған жүйкелер аяқтың 
бұлшықеттеріне таралады. 
Мойын өрімі 
Мойын өрімі төрт жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Олар 
өзара үш доға ілмектермен байланысып, көлденең өсінділердің бүйірінен медиалды жағынан 
омыртканың алдыңғы бұлшықеттері, ал латералды жағынан омыртқа бүлшықеттері 
орналасады. Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді. 
Иық өрімі 
Иық өрімі төрт төменгі мойын нервтерінен және бірінші кеуде нервісінің үлкен 
бөлігінен құралады. Иык өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттер аралығынан 
бұғана үсті щұңқырына шығып, бұғанадан жоғары және артқа қарай орналасады. Одан 
қолтық шұңкырына баратын үш жуан нерв будасы пайда болады: латералды жағынан 
(латералды буда), медиалды жағынан (медиалды буда) және артерия артынан (артқы буда).
Өрімде бұғана үсті және бұғанаасты бөліктерін ажыратады. Шеткі тармақтар қысқа 
және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар өрімнің бұғанаүсті бөлігінің түрлі жерлерінен 
шығып, ішінара мойын, сондай-ақ иық белдеу мен иық буыны бұлшықеттерін нервтендіреді. 
¥зын тармақтар жоғарыда аталған үш будадан пайда болып, қолды бойлай өтіп, оның 
бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді. 
Қысқа тармақтар жауырынның медиалды жиегін бойлай өтеді. Ол жауырын және ромб 
тәрізді бұлшық еттерді нервтендіреді. 
¥зын тармақтар қолды жүйкелендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет