Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Қанайналудың үлкен шеңбері бүкіл организммен байланысты. Бұл шеңбер сол қарыншадан 
қолқа артерия қантамыры түрінде басталып, бүкіл денеге таралады да, жоғары және төменгі қуысты 
веналық қантамырлары арқылы оң жақ жүрекшемен аяқталады. 
Қанайналудың кіші шеңбері оң қарыншадан өкпе артерия қантамырынан басталып, өкпеге 
барып газ алмасу процесі жүзеге асып, 4 өкпе вена қантамырлары арқылы (ішімен артерия қаны 
ағады) сол жүрекшемен аяқталады. 
Иммундық жүйенің және қан түзілетін мүшелердің құрылысы
 
Иммундық жүйе мен қан түзілетін мүшелердің шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі 
бір-біріне өте ұқсас. Бұл екеуінің де шығу тегі жілік майындағы бағаналы (стволовые) клеткаларға 
тікелей байланысты. Ондағы клеткалар бірнеше рет бөліну арқылы көбеюге қабілетті. 
Иммундық жүйенің анатомиялық құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Оның кейбір 
белгілері иммундық мүшелердің бәріне тән, енді кейбір белгілері иммундық жүйенің орталық 
мүшелеріне, ал енді бір белгілері оның шеткі мүшелеріне тән болады. 
Иммундық жүйеге жататын барлық мүшелер лимфоидты ұлпадан түзіледі және иммундық 
мүшелер ұрықтың дамуы кезінде ерте қалыптасады да, туған кезден бастап-ақ өз қызметін атқара 
береді. 
Иммундық жүйеге - жілік майы, тимус (айырша без), бадамша бездер, лимфа түйіндері, 
лимфа тораптары т.б. жатады. 
Жілік майы (костный мозг) - әрі иммундық жүйенің орталық мүшесі, әрі қан клеткалары 
түзілетін мүше болып саналады. Жілік майы – қызыл түсті және сары түсті деп 2 топқа бөлінеді. 
Жілік майы қуысты сүйектердің қуыстарында, жалпақ және қысқа сүйектердің кемікті жерлерінде 
болады. Ересек адамдағы жілік майының мөлшері орта есеппен 1,5 – 3 кг., оның жартысы қызыл 
түсті, қалған жартысы сары түсті жілік майның үлесіне тең келеді. Жілік майында бағаналы 
клеткалар мол болады. 
Тимус (thymus) немесе айырша без де иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Ол 
төс сүйегінің артқы жағында екі өкпенің аралығының жоғарғы тұсында орналасқан. Тимус безі 
ұзыншалау келген екі бөліктен тұрады. Оның өзі қыртысты және милы затын ажыратады. Тимуста 
жетілетін Т-лимфоцит клеткалары жалпы клеткаларда жүретін және гуморальдық иммунитеттердің 
болуын қамтамасыз етеді. 


17 
Тимус безінің екінші реттік жыныстық жетілу кезінде мөлшері артады да, бірте-бірте оның 
салмағы азая береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет